Банкке және (немесе) банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға және (немесе) банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Банктің немесе банк холдингінің еншiлес ұйымды құруына немесе сатып алуына немесе банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.