Ақталған адамға куәлік беру
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Ақтау туралы анықтама не сот ұйғарымының (қаулысының) көшірмесі.
- Өкілі арқылы жүгінген жағдайда – оның өкілеттіктерін растайтын нотариат куәландырған құжат.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Куәлік немесе оның телнұсқасы.