Трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім алуды тіркеу
Қызметті онлайн алу:
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Барлық қажетті өрістерді толтырыңыз.
- Өтінімге ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) қалыптастырылған электрондық құжатпен және сұрау салудың нәтижесі туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз (Келісімді тіркеу)
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз (Келісімді қайтарып алуды тіркеу)
Қызметті медициналық ұйымда алу (қажетті құжаттар):
- Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжат не жеке басын сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат.
- 1-қосымшаға және 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша өтініш.
Қызмет көрсету нәтижесі
Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тартуды тіркеу туралы анықтама.
Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына тірі кезінде келісімді тіркеу туралы анықтама.