Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Кіші түрі бойынша:
Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеген жағдайда инвестициялық қор қағидалары электрондық нысанда.
Өзгерістер мен (немесе) толықтырулар ескерілген инвестициялық пай қорының қағидалары (инвестициялық пай қорының өзгерістері мен (немесе) толықтыруларды келісу кезінде).
Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (басқарушы компанияны ауыстырған және инвестициялық пай қорының қағидаларына тиісті өзгерістер енгізу кезінде) немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.