Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру
Қызметті онлайн алу (www.elicense.kz «Электрондық лицензиялау» порталында)
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
- «Электрондық лицензиялау» порталында авторлану немесе тіркелу қажет.
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылған «Электрондық лицензиялау» порталының парағында «Өтініш беру» сілтемесіне өту қажет.
- Өтінішті толтырып, өз ЭЦҚ қойыңыз.
- Берілген өтініштің орындалу деңгейін «Менің өтініштерім» тарауынан қаруға болады. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсат құжаттарым» тарауынан, хабарлама алу туралы – «Менің хабарламаларым» тарауынан біле аласыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Маман сертификаты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.