Жұмыстан айырылу жағдайында әлеуметтік төлем
Қызметті онлайн алу үшін
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) нысан бойынша өтінішті ұсынады.
- Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
- Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.
Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.
Өтініш беруші осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде өтініш берушіге тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі.
Өтініш беруші осы тармақта көрсетілген құжаттарды мансап орталығына берген кезде өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.
Проактивті қызмет арқылы:
- Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау үшін – өтініш берушінің проактивті қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ міндеттемелерді қабылдауын және банк шотының нөмірін растауын немесе ұсынуын өтініш беруші ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жібереді.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Порталда, ЭЕБ порталында: қор филиалы басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған порталға, ЭЕБ порталына өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберілген жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электронды хабарлама.
Проактивті қызмет көрсету кезінде: өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама.