Айдар парағына өту

Жастарды шағын несиелеу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 20.03.2023

Сондай-ақ қараңыздар:

Мемлекет Басшысысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Бітұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жастарға жеңілдікпен шағын несие беру ережесін бекітті. Кредиттер сенім білдірілген өкіл (агент) - «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы берілетін болады.

«Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ жастарға шағын несие беру бағдарламасы шеңберінде сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде құжаттарды қабылдау, бизнес-жобаны бағалау, несие және кепіл туралы келісімдерді дайындау, несие сомасын қарыз алушыға беру, несиенің нысаналы пайдаланылуын тексеру, қарыз алушымен есеп айырысуды жүзеге асыру, қарыз алушыдан төлем қабылдау, мерзімі өткен берешекпен жұмыс және уәкілетті органдарға есеп беру әрекеттеріне жауапты.

Нысаналы топ: жеке кәсіпкер ретінде тіркелген 21 жастан 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелу мерзімі шағын несие алуға өтініш берген кезде кемінде бес жылды құрауы тиіс.

Несиелеу шарттары:

Несие сомасы: 5 млн теңгеге дейін

Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 2,5%

Несие мерзімі: мал шаруашылығын дамытуға – 7 жылға дейін; бизнестің басқа бағыттары үшін – 5 жылға дейін.

Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған.

Несие кепіл мүлікпен қамтылуы міндетті. Кепіл ретінде жылжымалы (арнайы техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. 

Шағын несиелер мына мақсаттарға қарастырылмайды:

  1. Тұрғын үй жылжымайтын мүлігін (оның ішінде малшыларға арналған уақытша/тұрақты тұрғын үйлерді) сатып алу, салу немесе жөндеу, жер учаскелерін сатып алу (кез келген нысаналы мақсатпен).
  2. Бағалы қағаздарды сатып алу (портфельдік инвестициялар).
  3. Қаруды (оның ішінде қару өндіруге арналған құрамдас бөліктерді), құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа да мүлікті өндіру немесе сатып алу.
  4. Ойын бизнесін ұйымдастыру және (немесе) дамыту.
  5. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған террористік және кез келген өзге де қызметке байланысты қызмет.
  6. Моторлы көлік құралдарын шығаруды және өз өндірісіндегі жүзімнен шарап өндіруді қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығару.
  7. Темекі және / немесе алкоголь өнімдерін сатып алу.
  8. Кредиторлық берешекті өтеу.
  9. Бизнесті жүргізуге байланысты емес жеке тұтынушылық.

Шағын несие беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған комиссия қабылдайды, комиссия құрамына мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҚР ҰКП, ОҒҚ, бизнес-қоғамдастық, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.Үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын комиссия отырысында таныстырады, комиссия отырысында бизнес-жобаларды бағалайды және олардың неғұрлым перспективалы дегенін таңдайды.

Осылайша, үміткерлердің бизнес-жобаларын бағалаудың нақты критерийлері негізінде шағын несие беру туралы шешімді  комиссия қабылдайды. Жоба өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, әлеуметтік маңызы бар, өміршең, нақты іс-қимыл жоспарымен болуы керек.

Жастарды шағын несиелеу бағдарламасының шарттары туралы толық ақпарат agrocredit.kz. сайтында орналастырылған 

 

Дереккөз: «Аграрлық несие корпорациясы»АҚ

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.