Қазақстандағы жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемақылар Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 25.01.2021Пайдалы сілтемелер:
Сондай-ақ қараңыздар:
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары кімдер болып табылады?
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын тұлғалар:
1) жұмыскерлер, сондай-ақ ақы төленетін өзге жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар;
2) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары;
3) жеке практикамен айналысатын адамдар;
4) тармақша 01.01.2024 дейін қолданылады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен
4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар;
5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатпайды.
Осылайша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы әлеуметтік тәуекел жағдайлары орын алғанда әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар және ол үшін әлеуметтік аударымдар төленетін жеке тұлға болып табылады.
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мынадай түрлерге бөлінеді:
- Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы.
- Асыраушысынан айырылу жағдайы.
- Жұмысынан айырылу жағдайы.
- Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлем.
- Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы.
Әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін ескерілетін табыс
Әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлем
Кімге тағайындалады
Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлем қордан төленетін әлеуметтiк төлемдерді алуға құқығы бар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға тағайындалады.
Төлем үшін қайда жүгіну керек
Өтініш иесінің мекенжайы бойынша «Азаматтарға арналған үкіметке» мемлекеттік корпорациясына.
Төлем мөлшері
Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерін еңбекке қабілетсіздік күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістердің сомасын он екіге бөлу жолымен айқындалады.
Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті еңбекке жарамсыздық парағы берілген күндер санын отыз күнтізбелік жолға бөлу жолымен анықталады (әр жұмыс істейтін әйел ҚР Еңбек кодексінің 99 бапқа сәйкес 126 күн ұзақтықпен жүктілігі және босануы бойынша төленетін демалысқа және оны жүктілігі кезінде және босанғаннан кейін қалауы бойынша пайдалануға құқылы).
Дәл осы себепті барынша көп коэффициент 126/30=4,2 теңеледі.
Алайда, ядролық сынақ әсеріне ұшыраған аумақта тұратын әйелдер үшін еңбекке жарамсыздық парағы қалыпты босануда ұзақтығы 170 күнтізбелік күн 27 аптаға беріледі. Осылайша коэффициент 5,7 құрайды және 170/30=5,7 ретінде есептелетін болады.
Бұл жағдайда, қиын босануда немесе екі және одан да артық балалар туғанда 14 күнтізбелік күнге қосымша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі.
Төлеу мерзімі
Жүктілігі және босануы, жаңа туған нәрестені асырап алумен байланысты табыс шығынын жоғалту жағдайына әлеуметтік төлем денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген тәртіпте уақытша еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген барлық кезеңге тағайындалады.
Қажетті құжаттар
- Жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) немесе оралман мәртебесі бар адамдар үшін оралман куәлігі – жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі.
- Тұрғылықты және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары).
- Банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы.
жеке кәсіпкер адамдар үшін қосымша:
- Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтер).
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен бекітілген жеке шоттарын жүргізу қағидаларына 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органдары берген бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар бойынша салық төлеушінің жеке шотынан үзінді көшірме.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем
Кімге тағайындалады
Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзі үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген, балаға күтімді жүзеге асыратын және Қордан төленетін әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалады.
Бұл ретте, егер балаға күтімді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің бірнеше қатысушысы жүзеге асыратын болса, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем көрсетілген адамдардың біреуіне ғана тағайындалады.
Төлем алу үшін қайда жүгіну керек
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе электрондық үкіметтің веб порталы арқылы (www.egov.kz).
Төлем мөлшері
Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн ай сайынғы әлеуметтiк төлемдер табыстың орташа айлық мөлшерiн табысты ауыстыру коэффициентiне көбейту арқылы айқындалады – 0,4. Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы 24 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасы 24 бөлу арқылы айқындалады.
Бұл ретте, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінің 40%-дан аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Бір жасқа толмаған баланы (балаларды) асырап алған жағдайларда – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінен үзінді көшірме.
Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.
Төлеу мерзімі
Осы әлеуметтік әлеуметтiк төлем түрі баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап ол бiр жасқа толған күндi қоса алғандағы мерзімге дейiн тағайындалады.
Қажетті құжаттар
- Жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) немесе оралман мәртебесі бар адамдар үшін оралман куәлігі – жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі.
- Баланың (балалардың) тууы туралы куәлік (куәліктер) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме.
- Баланың (балалардың) қайтыс болғаны туралы куәлiк (куәліктері) (немесе азаматтық хал актілерінің жазбаларынан қайтыс болғаны туралы мәліметтерді қамтитын анықтама).
- Банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы.
Бір жасқа толмаған баланы (балаларды) асырап алған жағдайларда – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінен үзінді көшірме.
Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем
Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған мына отбасы мүшелеріне тағайындалады.
Кімге тағайындалады
- 18 жасқа толмаған және егер 18 жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, осы жастан асқан балаларының, оның iшiнде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар.
Бұл ретте, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің, егер олардың еңбекке қабілетті ата-анасы болмаған немесе егер олар ата-анасынан алименттер алмаған жағдайда құқығы бар. Осы тармақшада көрсетілген, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын немесе білім алған, он сегіз жастан асқан адамдардың оқуды бітіретін уақытқа дейін, бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін әлеуметтік төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар.
- Егер қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының 3 жасқа толмаған балаларының, аға-iнiлерiнің, апа-сiңлiлерiнің (қарындастарының) немесе немерелерiнің күтiмімен айналысатын болса, жасына және еңбекке қабiлеттiлiгiне қарамастан, ата-анасының немесе ерлі-зайыптының бiреуiнің не атасының, әжесінің, аға-iнiсiнің немесе апа-сіңлісінің (қарындасының) асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар.
Төлем үшін қайда баруға болады
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына.
Төлем мөлшері
Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған ай сайынғы әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерінің 55% шегерілген, әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерiн кірісті ауыстырудың, асырауындағылар санының және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту жолымен айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 24 ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын 24 бөлу жолымен айқындалады. Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өзінен әлеуметтiк аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейiнде қабылданады.
Сол бір кезең үшін жұмыс берушіден және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғадан әлеуметтік аударымдар келіп түскен жағдайда, асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді есептеу кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғаның кірісі қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріс деңгейінде қабылданады.
Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлемдер қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiне қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының отбасы мүшесiнiң (мүшелерiнiң) әлеуметтiк төлемдерді алу құқығы сақталатын уақыт кезеңі бойына ай сайын төленiп тұрады.
Қажетті құжаттар
- Жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) немесе оралман мәртебесі бар адамдар үшін оралман куәлігі – жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі.
- Тасыраушысының қайтыс болу туралы куәлігі немесе адамды хабар-ошарсыз кетті деп танығаны туралы немесе қайтыс болды деп жариялағаны туралы соттың шешімі.
- Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар, неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы, қайтыс болған асыраушының балаларының туу туралы, асырап алу туралы, әке екенін (ана екенін) белгілеу туралы куәліктер.
- Он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі отбасы мүшелерінің білім алатыны немесе күндізгі оқу нысанында білім алатыны туралы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан алынған анықтамалар (жыл сайын жаңартылады).
- Банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем
Кімге төленеді
Жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыссыз ретiнде тiркелген күннен бастап тағайындалады.
Төлем үшін қайда жүгінуге болады
- Жұмыссыз ретінде тіркелуде Халықты жұмыспен қамту орталығына.
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (жұмыссыз ретінде тіркеу туралы мәліметтер бар болса).
- «Электрондық үкімет» (www.egov.kz) веб-порталы арқылы (жұмыссыз ретінде тіркеу туралы мәліметтер болғанда), ҚР Еңбек кодексінің 52-бабының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген негіздер бойынша жұмысын жоғалтқан адамдарды қоспағанда.
Төлемдер мөлшері
Жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерiн кірісті ауыстырудың және қатысу өтілінің тиiсті коэффициенттерiне көбейту жолымен айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын жиырма төртке бөлу жолымен айқындалады.
Кірісті ауыстыру коэффициентi 0,4 болады, ал қатысу өтілінің коэффициентi «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 2019 жылғы
26 желтоқсандағы № 286-VІ ҚРЗ 20-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.
Ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік аударымдар жүргізілді, жұмысты жоғалту жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындалады:
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемдер:
- ол үшін алты айдан он екі айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – бір айға;
- ол үшін он екі айдан жиырма төрт айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – екі айға;
- ол үшін жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – үш айға;
- ол үшін отыз алты айдан қырық сегіз айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – төрт айға;
- ол үшін қырық сегіз айдан алпыс айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – бес айға;
- ол үшін алпыс және одан көп айға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – алты айға тағайындалады.
Қажетті құжаттар
- Жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) немесе оралман мәртебесі бар адамдар үшін оралман куәлігі – жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі.
- Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы (Халықты жұмыспен қамту орталығының ақпараттық жүйесінен).
- Банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем
Кімге төленеді
Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға әлеуметтiк төлем тағайындауға өтiнiш жасалған уақытқа қарай жұмысты тоқтатқанына немесе жалғастырып жатқанына қарамастан тағайындалады.
Төлем үшін қайда жүгіну керек
- медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне (жалпы еңбекке жарамдылықтың жойылу деңгейін бастапқы анықтауда);
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (жүгіну сәтінде жалпы еңбекке жарамдылықтың жойылу деңгейін анықтану туралы мәліметтер болғанда)
Төлемдер мөлшері
Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған ай сайынғы әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерінің 55 пайызы шегерілген, әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерiн кірісті ауыстырудың, еңбекке қабілеттіліктен айырылудың және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту жолымен айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын жиырма төртке бөлу жолымен айқындалады.
Бұл ретте, табысты ауыстыру коэффициентi 0,6 болады.
Еңбек ету қабiлетiнен айырылу коэффициентi:
Еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенті 30 пайыздан 100 пайызға дейін белгіленген жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесіне сәйкес келеді.
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы үшiн қатысу өтілінің коэффициентi:
- алты айдан кем болғанда - 0,1;
- алты айдан он екi айға дейiн - 0,7;
- он екi айдан жиырма төрт айға дейiн - 0,75;
- жиырма төрт айдан отыз алты айға дейiн - 0,85;
- отыз алты айдан қырық сегiз айға дейiн - 0,9;
- қырық сегiз айдан алпыс айға дейiн - 0,95;
- алпыс ай жетпіс екі айға дейін – 1,0 болады;
- алпыс және одан да көп айға – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің әрбір он екі айы үшін 1,0-ге 0,02 қосылып отырады.
Еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайында төленетін әлеуметтік төлемнің жыл сайынғы мөлшері республикалық бюджеттен төленетін ұқсас төлемдерді тиісті индексациялау деңгейінде арттырылады.
Қажетті құжаттар
- Жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) немесе оралман мәртебесі бар адамдар үшін оралман куәлігі - жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі.
- Жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу туралы (Департаменттің ақпараттық жүйесінен алынатын мәліметтер).
- Банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы.
Балаларға жәрдемақы (декрет, тууы және 1 жасқа дейінгі баланың күтімі бойынша
Баланың тууына жәрдемақы (жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдер үшін)
Кімге тағайындалады
Баланың тууына жәрдемақы барлық босанған әйелдерге төленеді: жұмыс істейтін, сондай-ақ жұмыс істемейтіндерге, республикалық бюджеттен.
Жәрдемақы алу үшін қайда бару керек
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына тұрғылықты жері бойынша.
- www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы.
Жәрдемақы мөлшері
«Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес баланың тууына жәрдемақы мөлшері мынаны құрайды:
- бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 айлық есептік көрсеткіштер (АЕК);
- төртінші және одан кейінгі балаға – 63 АЕК.
Жәрдемақы төлеу мерзімдері
Баланың тууымен байланысты жәрдемақы бір реттік болып табылады.
Бала туғанда берілетін жәрдемақы тағайындауға жүгіну мерзімдері бала туған күннен бастап 12 айдан аспайды.
Қажетті құжаттар
Мемлекеттік корпорацияға:
- Баланың тууына жәрдемақы тағайындауға өтініш.
- Өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат; сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі.
- Баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме.
Балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда – балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда - неке қию (некені бұзу) туралы куәлік.
Өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адам берген жағдайда – сенімхат ұсынады.
Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған жағдайда, жеке басын куәландыратын құжатты, тұрғылықты тұратын жерін растайтын құжатты, Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы акті жазбасынан үзінді көшірмені, Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша неке қию (бұзу) туралы куәлікті, қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты ұсыну талап етілмейді.
Порталға:
- Жәрдемақы тағайындау үшін – өтініш иесінің ЭЦҚ куәландырылған электронды өтініш;
- Жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты алу үшін – өтініш иесінің ЭЦҚ куәландырылған электронды сұраныс.
Баланың 1 жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы (жұмыс істемейтін адамдар үшін)
Кімге төленеді
- міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылмайтын және баланың күтімін жүзеге асыратын адамдарға;
- міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйелерінің қатысушылары болып табылатын және 2008 жылдың 1 қаңтарына дейін туған балалардың күтімін жүзеге асыратын адамдарға.
Жәрдемақы алу үшін қайда бару керек
- Тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына тұрғылықты жері бойынша;
- www.egov.kz веб-порталы
Жәрдемақы мөлшері
Баланың күтіміне жәрдемақы мөлшері мынаны құрайды:
- бірінші балаға — 5,76 АЕК;
- екінші балаға — 6,81 АЕК;
- үшінші балаға — 7,85 АЕК;
- төртінші және одан кейінгі балаға — 8,90 АЕК.
Жәрдемақы төлеу мерзімдері
Баланың күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы ай сайын бала 1 жасқа толғанға дейін төленеді.
Күтімі бойынша жәрдемақы тағайындауға жүгіну мерзімдері бала туған күннен бастап 12 айдан аспайды.
Қажетті құжаттар
Мемлекеттік корпорацияға:
- Баланың тууына жәрдемақы тағайындауға өтініш.
- Өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат; сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі.
- Баланың туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы акт жазбасы (акт жазбалары).
- балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда - балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат;
- көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда - неке қию (некені бұзу) туралы куәлік;
- өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адам берген жағдайда - сенімхат ұсынады.
Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған жағдайда, жеке басын куәландыратын құжатты, тұрғылықты тұратын жерін растайтын құжатты, Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы акті жазбасынан үзінді көшірмені, Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша неке қию (бұзу) туралы куәлікті, қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты ұсыну талап етілмейді.
Порталға:
- Жәрдемақы тағайындау үшін – өтініш иесінің ЭЦҚ куәландырылған электронды өтініш.
- Жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты алу үшін – өтініш иесінің ЭЦҚ куәландырылған электронды сұраныс.
Жәрдемақылар және декреттік, баланың тууы және 1 жасқа дейінгі күтімі бойынша төлемдер бойынша неғұрлым толық ақпаратты сіз «Декреттік демалыс» мақаласынан біле аласыз.
Егер сіз декреттік демалыстан бір жылдан ертерек шығуға шешсеңіз - төлемдер үшін қауіптену қажет емес, жұмысқа шығу төлемдерді тоқтату үшін себеп болып табылмайды. Декреттік демалыстан қалай шығу керектігі туралы толығырақ осы жерден біле аласыз.
Отбасыларға әлеуметтік көмек
Мүгедек-баланы тәрбилеушіге жәрдемақы
Кімге төленеді
Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға).
Жәрдемақыны алу үшін қайда бару керек
- Тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына.
- Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелеріне.
- www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы.
Жәрдемақы мөлшері 1,4 ЖТМ
Жәрдемақы төлеу мерзімдері
Жәрдемақы баланың мүгедектігінің барлық кезеңіне ай сайын жүгінген күннен бастап төленеді (18 жасқа дейін).
Қажетті құжаттар
- Бекітілген нысандағы өтініш.
- Өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат; сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі.
- Баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме.
- Баланың мүгедектігі туралы анықтама.
- Банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат.
- көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда – неке қию (некені бұзу) туралы куәлік;
- балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген немесе баланы асырап алған жағдайда – балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат.
Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған жағдайда, көрсетілетін қызмет алушының жеке басын куәләндіратын құжатты, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмені (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты, неке қию туралы куәлікті (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты, баланың мүгедектігі туралы анықтаманы ұсыну талап етілмейді.
Порталға:
- жәрдемақы тағайындау үшін – мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға өтініш «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы қызмет алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметтің осы стандартына 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.
Бала (балалардың) туылуы туралы куәліктің мәліметтері немесе 2007 жылғы 13 тамыздан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген тіркеулер бойынша туу туралы актілік жазбадан, 2008 жылғы
1 маусымнан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген тіркеулер бойынша неке қию (некені бұзу) туралы куәліктен үзінді, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) орнатуды немесе асырап алуды растайтын, оған қоса, баланың мүгедектігі туралы анықтаманы қызмет алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Атаулы әлеуметтік көмек
Кімге төленеді
Шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік деңгейінен аспайтын жан басына орташа табысы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқындарға, шетелдіктерге және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға.
Шартсыз ақшалай көмек келесі тұлғаларға көрсетіледі:
- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына қатысуға мүмкіндіктері шектеулі жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға төмендегі себептер бойынша:
- зейнеткерлік жасқа жету;
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар;
- екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар болған кезде.
- Барлық еңбекке жарамды отбасы мүшелері бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын және (немесе) екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар, және (немесе) келесілерге күтім жасауды жүзеге асыратын аз қамтылған отбасыларға:
- жеті жасқа дейінгі бала;
- мүгедек-бала;
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедек;
- бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қарттар.
Жалғыз басты және/немесе жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға, сондай-ақ құрамында еңбекке жарамды мүшесі (мүшелері) бар аз қамтылған отбасыларға, оның (олардың) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына және (немесе) әлеуметтік бейімделу қажет болған жағдайда шартты ақшалай көмек көрсетіледі.
Қажетті құжаттар:
- Бекітілген нысандағы өтініш және жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (паспорты), Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ыхтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі), ал оралмандар үшін – сәйкестендіру үшін оралман куәлігі.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын еңбек етуге қабілетті отбасы мүшелері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекітілген «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге өтінішті ұсынады.
Он алты жасқа толмаған адамның атынан еңбек қызметін жүзеге асыруға ата-анасының немесе заңды өкілдерінің біреуінің келісімі туралы еркін нысандағы жазбаша өтініш беріледі.
Көрсетілетін қызметтерді беруші өтінішті қабылдаған кезде «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне сұрау салуларды келесі мәліметтерді алу үшін қалыптастырады:
1) жеке басты куәландыратын;
2) оралман мәртебесі туралы;
3) жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелері туралы;
4) мүгедектікті белгілеу туралы;
5) Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы;
6) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы;
7) бала асырап алу туралы;
8) Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша неке қиюды (некені бұзуды) тіркеу туралы;
9) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса – оқу орнында оқу фактісі туралы;
10) табыстар туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар);
11) жеке кәсіпкердің мәртебесі туралы;
12) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы;
13) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы;
14) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке жарамды мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса);
15) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке жарамды мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы;
16) алимент туралы не берешектің болуы туралы;
17) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы.
Қызмет алушы жоғарыда көрсетілген құжаттарды қағаз нұсқада ұсынуға құқылы.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қайда бару керек
Халықты жұмыспен қамту орталығы, тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығы болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкімі.
Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері
Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада отбасының кәмелеттік жастағы әрбір мүшесіне есептегенде белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде есептейді. Отбасының құрамы және табыстар өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайтадан есептеледі.
Атаулы әлеуметтік көмекті алушы халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық жерлерде - кент, ауыл, ауылдық округ әкімін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгерту үшін негіз болатын немесе оны алуға құқық беретін мән-жайлар туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы
Жәрдемақы алу үшін қайда жүгіну керек
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына;
- Мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде – Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелеріне.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні.
Электронды қызмет
Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу
Қажетті құжаттар:
- Белгіленген үлгідегі өтініш және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат.
- Оралман мәртебесі бар адамдар жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін оралман куәлігі ұсынылады.
- Өтініш қабылданған кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы;
- Зейнетақылар мен жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер;
- «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама.
Қажет болған жағдайда (болуына қарай) мынадай құжаттардың біреуі ұсынылады:
- Радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың ауруының, мүгедектігінің себептік байланысын белгілеу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық кеңестің шешімі.
- Орталық әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі.
- Госпиталь берген ауруы туралы куәлік немесе әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы.
- Он алты жасқа дейiнгi мүгедек баланың туу туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама).
- Неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы (қамқоршы) тегін өзгерткен кезде).
Қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген жағдайда, қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.
Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігі болса, оларды ұсыну талап етілмейді.
Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасын Заңының 34-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.
2020 жылға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметік жәрдемақылар
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметік жәрдемақылар |
Мүгедектік тобы |
Еселігі |
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері, тенге |
Жалпы аурудан, еңбек жарақатынан, кәсiби аурудан мүгедек болғандар |
I топ |
1,92 |
59 872 |
II топ |
1,53 |
47 710 |
|
III топ |
1,04 |
32 431 |
|
Он алты жасқа дейiнгi мүгедек балалар |
|
1,40 |
43 657 |
Бала кезiнен мүгедектер |
I топ |
1,92 |
59 872 |
II топ |
1,59 |
49 581 |
|
III топ |
1,20 |
37 420 |
|
Он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi мүгедек балалар |
I топ |
1,92 |
59 872 |
II топ |
1,59 |
49 581 |
|
III топ |
1,20 |
37 420 |
|
Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің мүгедектері; экологиялық төтенше жағдайларға байланысты мүгедектер |
I топ |
2,81 |
87 625 |
II топ |
2,40 |
74 840 |
|
III топ |
2,01 |
62 678 |
|
Қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру салдарынан мүгедек болған жағдайда әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа |
I топ |
1,92 |
59 872 |
II топ |
1,53 |
47 710 |
|
III топ |
1,04 |
32 431 |
|
Қызметті өткері кезінде жаралануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) |
I топ |
3,44 |
107 270 |
II топ |
2,65 |
82 635 |
|
III топ |
2,01 |
62 678 |
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы
Жәрдемақы алу үшін қайда жүгіну керек
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 8 жұмыс күні.
Қажетті құжаттар
- Белгіленген үлгідегі өтініш және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат.
- Оралман мәртебесі бар адамдар жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін оралман куәлігі ұсынылады.
- Өтініш қабылданған кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы.
- Зейнетақылар мен жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер.
- Асыраушының қайтыс болу туралы куәлігі не адамның хабар-ошарсыз кеткен (қайтыс болған) деп танылғандығы туралы соттың шешімі.
- Асырауындағы адамның қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты (туу туралы, неке туралы, некені бұзу туралы, әке болуды (ана болуды) белгілеу туралы куәлік және тағы басқалар) ұсынады.
Болуына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:
- Азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi органдардың (егер туу туралы куәлікке әкесі туралы мәліметтер анасының мәлімдеуі бойынша енгізілсе) анықтамасы.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына сәйкес нысан бойынша егер он сегіз бен жиырма үш жас аралығындағы асырауындағы адамдар күндiзгi оқу бөлiмiнiң оқушылары болып табылса, оқу орнының анықтамасы (жыл сайын беріледі).
- Қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы құжат.
- Қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери билетi не әскери қызмет өткергенi туралы анықтамасы.
- Әскери қызметшінің, ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерінің қазасы немесе өлімі қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызметін өткеру кезінде жарақат алу, контузияға ұшырау, мертігу, ауру салдарынан болғанын растайтын құжат.
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау кезінде қайтыс болған асыраушының сегіз жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысатын адам жыл сайын еңбек қызметiн тоқтатқаны туралы жазбасы бар еңбек кiтапшасын, ол болмаған жағдайда Мемлекеттік корпорация ақпараттық жүйелерден адамның дара кәсiпкер ретiнде тiркелмегенi туралы және автоматтандырылған ақпараттық жүйеден міндетті зейнетақы жарналарын аудару фактісінің болмауы туралы мәліметтерді сұрайды.
Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.
Электрондық қызмет
Асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу
2020 жылға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы |
Ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының еселігі |
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері, тенге |
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша асыраунда бір адам болғанда |
0,86 |
26 818 |
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша асыраунда екі адам болғанда* |
1,49 |
46 463 |
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша асыраунда үш адам болғанда* |
1,85 |
57 689 |
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша асыраунда төрт адам болғанда* |
1,96 |
61 119 |
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша асыраунда бес адам болғанда* |
2,03 |
63 302 |
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша асыраунда алты және одан да көп адам болғанда* |
2,11 |
65 797 |
Ата-анасының екеуінен де айырылған жағдайда – жетім балаларға айлық жәрдемақы |
1,18 |
36 796 |
Отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне |
0,54, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,56 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде тағайындалады |
16 037 – 76 027 |
* жәрдемақы мөлшері барлық адамдарға бірдей үлесте бөлінеді
Мемлекеттік арнайы жәрдемақы
Жәрдемақы алу үшін қайда жүгіну керек
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 8 жұмыс күні.
Қажетті құжаттар
- Белгіленген үлгідегі өтініш және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат.
- Оралман мәртебесі бар адамдар жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін оралман куәлігі ұсынылады.
- Өтініш қабылданған кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы.
- Зейнетақылар мен жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау үшін жұмыс сипатын немесе еңбек жағдайларын растайтын ұйымның анықтамасын ұсынады.
Ұйым таратылған жағдайда жұмыс орны, атқарған лауазымы, кәсiбi, жұмыс кезеңдерi, архив iсінiң нөмiрi, оның беттерi көрсетiлген, мөрмен және архив директоры мен архивариустың қолы қойылып расталған архивтік анықтама немесе мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады.
Архивтік құжаттар болмаған кезде, жұмыс сипаты немесе еңбек жағдайлары және олардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 желтоқсандағы № 1930 қаулысымен бекітілген Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізіміне немесе Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізіміне сәйкестігі сот органдары арқылы белгіленеді.
- Өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар:
- еңбек кітапшасы;
- еңбек кітапшасы болмаған немесе жарамсыз болған, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болмаған, түзетулер, дәлсіздіктер, әртүрлі оқулар болған кезде архив мекемелерiнен немесе жұмыс орнынан анықтамалар, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар;
болуына қарай мынадай құжаттар ұсынылады:
- бiлiмi туралы құжат;
- әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;
- балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
- «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталуы туралы анықтама;
- әскери ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;
- бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;
- бұрынғы кеңестiк мекемелер, Қазақстан Республикасының мекемелері, халықаралық ұйым қызметкерi жұбайының (зайыбының) шетелде тұрғанын растайтын құжат;
- әскери қызметшiнің, арнаулы мемлекеттік орган қызметкері жұбайының (зайыбының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде тұрғанын растайтын құжат.
Жұмыс істемейтін ананың жас балаларға күтім көрсеткенін растау үшін мына құжаттардың біреуі (болуына қарай) ұсынылады:
- балалардың жеке басын растайтын құжат;
- балалардың неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлігі немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде);
- балалардың орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;
- балалардың орта-кәсіптік немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не балалардың оқығанын растайтын оқу орнының анықтамасы;
- балалардың тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
- балалардың қайтыс болуы туралы куәлік (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болуы туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама) құжат;
- балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат ұсынылады.
- Қазақстан Республикасына тарихи елінде тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтардың шығу мемлекетіндегі еңбек қызметін растайтын құжат ұсынылады.
Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.
Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.
Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасын Заңының 34-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.
Электронды қызмет
Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу
2020 жылға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері
Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы |
АЕК еселігі |
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері, тенге |
№ 1 тізімі бойынша |
9,42 |
24 973 |
№ 2 тізімі бойынша |
8,38 |
22 216 |
Мүгедектер, ҰОС ардагерлері, әлеуметтік еңбек ардагерлері, көп балалы аналар және зиянды және ауыр еңбек шарттарымен жұмыс істейтін адамдарға арналған жәрдемақы
Арнайы мемлекеттік жәрдемақы
Жәрдемақы алу үшін қайда жүгіну керек
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының тұрғылықты жері бойынша бөлімшесіне.
- I, II және III топ мүгедектері, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, 16-дан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін мүгедектігін алғашқы айқындау кезінде – Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелеріне.
Қажетті құжаттар
- Өтініш беруші (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде 1-қосымшаға сәйкес, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.
- Жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, туу туралы куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі).
- Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - шекаралас аумақтағы елді мекендегі тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгендігі туралы мәліметтер.
- Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-бағанының 2-тармағында көрсетілген жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжаттар.
Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін не туу туралы актілік жазбадан үзіндіні (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлігін (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесінің мүгедектігі туралы анықтамасын ұсыну талап етілмейді.
Жәрдемақы төлеу мерзімдері
Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар ай сайын төленеді.
Электрондық қызмет
Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу
2019 жылға жәрдемақы мөлшері және оны алуға құқығы бар азаматтардың санаттары
Арнайы мемлекеттік жәрдемақыға құқығы бар адамдардың санаттары |
Арнайы мемлекеттік жәрдемақыға құқықты растайтын құжаттар |
АЕК-тегі мөлшері (2 525 АЕК-те) |
Теңгедегі мөлшері |
Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері |
ҰОС қатысушысы немесе мүгедектің жеке куәлігі |
16 |
40 400 |
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi |
Неке туралы куәлік, ерінің (әйелінің) қайтыс болуы туралы куәлік, ерінің (әйелінің) мүгедектігін растайтын құжат |
4,48 |
11 312 |
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, |
Марапаттауды немесе атақты алуды растайтын құжаттар |
6,40 |
16 160 |
I, II және III топтағы мүгедектер |
Мүгедектігі туралы анықтама |
1,49 – I, II топтағы мүгедектер үшін |
3 763 – I, II топтағы мүгедектер үшін |
Зейнеткер болып табылатын немесе мүгедектігі бар саяси репрессиялардан зардап шеккен адамдар; саяси репрессиялардың құрбандары |
Мүгедектік туралы анықтама, зейнеткер куәлігі, оңалтылған азаматтың куәлігі немесе прокуратура органдарынан немесе ішкі істер органдарынан немесе ұлттық қауіпсіздік органдарынан оңалту туралы анықтама немесе оңалту туралы сот шешімі |
1,07 |
2 702 |
1941 жылдың 22 маусымынан |
Еңбек кітапшасы немесе 1941 жылдың Сондай-ақ 1941 жылдың жұмыс кезеңдері туралы мәліметтерді қамтитын жұмыс орнынан, сондай-ақ мұрағат мекемелерінен берілген құжаттар; еңбекақы беруге тізілімдер және дербес шоттар, бұйрықтардан көшірмелер; кәсіподақ немесе коммунистік партия мүшелерінің есеп карточкалары немесе мүшелік билеттері; бұрын әрекет еткен заңнамаға сәйкес қызметті жүзеге асыратын зейнетақыны тағайындау бойынша жұмыс өтілін анықтау бойынша комиссия шешімдері; сот шешімдері; арнайы комиссия шешімдері; 1998 жылға дейін берілген жеңілдікке құқық туралы куәлік; фабрикалық-зауыттық училищелердегі оқу айғағын растайтын анықтамалар; |
2,13 |
5 379 |
Ядролық қару сынаулары, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі апаттар және басқа радиациялық апарттар және Чернобыль АЭС апат салдарынан мүгедек болған адамдар; мүгедектігі ата-аналардың бірінің радиациялық сәулеленуімен генетикалық байланысты олардың балалары* |
Радиациялық әсері бар аурудың себептік байланысын анықтау бойынша Орталық ведомствоаралық кеңес қорытындысы немесе радиациялық әсері бар аурудың себептік байланысын анықтау бойынша Орталық ведомстволық кеңес қорытындысы немесе ядролық қару сынаулары, әскери немесе азаматтық мақсаттағы объектілердегі апаттар және басқа радиациялық апаттар немесе Чернобыль АЭС апаттарды жою салдарынан мүгедектік туралы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның анықтамасы, белгіленген үлгідегі куәлік |
7,55 |
19 064 |
Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасылары** |
Қайтыс болғанмен туысқандық байланысты растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі); сәуле ауруы салдарынан қайтыс болған немесе қайтыс болған мүгедектің өлімі туралы куәлік, сондай-ақ өлімі азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі апат және басқа радиациялық апаттар және Чернобыль АЭС апаттың әсерімен байланысты азаматтың өлімі |
4,59 |
11 590 |
ҚР-ға шеттетілген және көшірілген 1988-1989 жылдары Чернобыльдегі апат салдарларын жою қатысушылары қатарынан адамдар, соның ішінде эвакуация күнінде құрсақта болғандар |
Балалардың туу туралы куәлігі, Чернобыль АЭС апатты жоюға қатысуды растайтын құжат немесе Чернобыль АЭС апатты жою қатысушысының куәлігі |
2,13 |
5 379 |
Ел алдындағы ерекше қызметтері үшін зейнетақы тағайындалған адамдар |
Қазақстан Республикасының алдындағы ерекше қызметтері үшін зейнетақы тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Министрлерінің кабинетінде Қазақстан Республикасының алдындағы ерекше қызметтері үшін зейнетақы тағайындау бойынша Комиссия шешімінен көшірме немесе дербес зейнеткер куәлігі |
1,07 |
2 702 |
Әскери қызметкерлер, сондай-ақ жұмыс істейтін әскер бөлімдерінің қызметкерлері үшін анықталған жеңілдікті шарттарда зейнетақы тағайындау үшін атқарған жылдарында 1998 жылдың |
«Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, мүгедектерге жеңілдіктер және әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі ҚР Заңына сәйкес жеңілдіктерге құқық туралы белгімен зейнеткерлік куәлік немесе белгіленген үлгідегі куәлік |
6,19 |
15 630 |
Бейбіт уақытта әскери қызметті өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасылары |
Қайтыс болған адамның өлімі туралы хабарлама немесе куәлік, бейбіт өмірде әскери қызметтен өткенде қайтыс болу айғағы немесе із-түзсіз жоғалуы туралы әскери комиссариаттан анықтама (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі) |
4,59 |
11 590 |
Жұмыс істейтін әскердің әскери қызметкерлері үшін анықталған жеңілдік шарттарда зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылдың |
Белгіленген үлгідегі куәлік немесе «Ұлы Отан Соғысының қатысушылары, мүгедектер және оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» 1995 жылғы |
6,19 |
15 630 |
ҰОС кезеңінде юнгтар және полктар ұлдары (тәрбиеленушілер) ретінде флот және қолданыстағы әскер құрамына кіретін мекемелер және штабтар, бөлімдер құрамында болған адамдар |
Белгіленген үлгідегі куәлік немесе «Ұлы отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» ҚР 1995 жылғы |
6,19 |
15 630 |
Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, ауыру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары |
Қайтыс болғанмен туысқандық байланысты растайтын құжат, әскери қызметкердің із-түзсіз жоғалуы немесе қайтыс болуы туралы хабарлама немесе куәлік (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі) |
4,59 |
11 590 |
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары |
Ішкі істер органдарынан анықтама, қайтыс болғанның өлімі туралы куәлік немесе хабарлама, ішкі істер органдарынан анықтама немесе қызметтік міндеттерді орындаудағы өлім айғағын растайтын құжат, қайтыс болушымен туысқандық байланысты растайтын құжат (неке туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі) |
4,59 |
11 590 |
Кеңес Одағының Батырлары, үш дәрежелі Даңқ ордендерінің иегерлері |
Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушы куәлігі және (немесе) марапатқа куәлік |
138,63 |
350 041 |
Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын Социалистік Еңбек Ерлері |
Ұлы Отан соғысы қатысушысы немесе мүгедегінің куәлігі және (немесе) марапатқа куәлік |
74,65 |
188 492 |
Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері |
Ұлы Отан соғысы мүгедегі немесе қатысушысының куәлігі және (немесе) марапатқа куәлік |
9,60 |
24 240 |
Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің екінші рет некеге отырмаған әйелдері (ерлері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтардың, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде мертігуінің және басқа да себептердің (құқыққа қайшы келетіндерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйелдері (ерлері) |
Неке туралы куәлік, ерінің (жұбайының) қайтыс болуы туралы куәлік, ерінің (жұбайының) мүгедектіктігін растайтын құжат |
2,56 |
6 464 |
«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдар |
«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағын тағайындауды растайтын құжат |
138,63 |
350 041 |
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар |
Белгіленген үлгідегі куәлік немесе марапаттау айғағы туралы жазбасы бар еңбек кітапшасы немесе мұрағат анықтамасы немесе марапатқа куәлік |
2,13 |
5 379 |
Басқа антифашистік қалыптасу және жасырын топтар, партизандық отрядтар құрамында шетелдік елдердің аумағында дүниежүзілік соғыс жылдарындағы оның одақтастары және фашистік Германияға қарсы әскери әрекеттерге қатысқан адамдар |
Белгіленген үлгідегі куәлік немесе удостоверение «Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және оған теңестірілген адамдарды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» |
6,19 |
15 630 |
«Блокадалы Ленинград тұрғыны» белгісі және «Ленинградты қорғау үшін» медалімен марапатталған және қала ұйымдарында және мекемелерде Ленинградтағы блокада кезінде жұмыс істеген адамдар |
«Ленинградты қорғау үшін» медаліне немесе «Блокадалық Ленинград тұрғыны» белгісіне куәлік немесе «Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер және оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына сәйкес жеңілдіктерге құқықтар туралы белгімен зейнеткерлік куәлік |
6,19 |
15 630 |
Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер және олардың одақтастары құрған мәжбүрлі мазмұндағы басқа орындар және гетто, концлагерлердің кәмелетке толмаған тұтқындары |
Бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқынның куәлігі немесе екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер және олардың одақтастары құрған мәжбүрлі ұстау орындары, гетто, концлагерлерде мәжбүрлі ұстау туралы мұрағат анықтамасы немесе «Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер және оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы |
6,19 |
15 630 |
Мыналарға қатысқан адамдар: - ядролық сынауларда, оқуларда; - азаматтық және әскери мақсаттағы объектілердегі апаттар және басқа радиациялық апаттар, 1986-1987 жылдарда Чернобыль АЭС апат салдарларын жою |
Чернобыль АЭС апат салдарын жоюға қатысушының куәлігі немесе азаматтық және әскери мақсаттағы объектілердегі апаттар және басқа радиациялық апаттар немесе Чернобыль АЭС апат салдарларын жоюға қатысуды, ядролық сынауларға және оқуларға тікелей қатысу, әскери және азаматтық мақсаттағы объектілердегі апаттар және радиациялық апаттарды жоюға қатысу айғағын растайтын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттен немесе әскери комиссиариаттан анықтама немесе ядролық сынауларға немесе оқуларға тікелей қатысуды растайтын құжат |
6,19 |
15 630 |
Басқа мемлекеттердің аумақтарындағы әскери әрекеттердің қатысушылары атап айтқанда: - Кеңес әскерінің әскери қызметкерлері, Әскери-теңіз флоты мемлекеттік қауіпсіздік комитеті, - бұрынғы КСРО ІІМ қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (соның ішінде әскери мамандар және кеңесшілер), олар бұрынғы КСРО үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағында әскери әрекеттерге қатысты, - әскери әрекеттерді жүргізу кезеңінде Ауғанстанға жіберілетін және оқу жиналыстарына шақырылатын әскери міндеттілер, - әскери әрекеттерді жүргізу кезеңінде осы елге жүктерді жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілетін автомобиль батальондарының әскери қызметкерлері, - бұрынғы КСРО аумағында Ауғанстанла әскери тапсырмаларға ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметкерлері, - контузия және жарақат алған, Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентіне қызмет еткен немесе әскери әрекеттерді қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСРО медальдарымен және ордендерімен марапатталған жұмыскерлер және қызметкерлер |
Белгіленген үлгідегі куәліктер, әскери комиссиариаттан анықтама, басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери әрекеттерге қатысу туралы белгісі бар әскери билет; Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсету бойынша жұмысты растайтын құжат; контузия, мертігуді растайтын медициналық құжаттар; әскери әрекеттерді қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСРО ордендері және медальдарына куәліктер |
6,19 |
15 630 |
фронтта, сондай-ақ әскери әрекеттер жүргізілген басқа мемлекеттерде және Ауғанстанда әскери қызметтен өтуде, фронтта болумен байланысты ауру салдары немесе басқа кезеңдерде әскери қызметтің басқа міндеттерін орындауда алынған жарақат, контузия, мертігу болғандар |
Әскери қызметкерлер қатарынан мүгедектің жеке куәлігі (жеңілдікке құқық туралы Кеңес Армиясының мүгедегі), жарақаттану, контузия, мертігу туралы мүгедектік туралы анықтама, «Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер және оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы |
7,55 |
19 064 |
Әскери әрекеттер жүрген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындаумен немесе әскерде болуымен байланысты ауру салдарынан немесе қызметтік міндеттерді орындауда алынған жарақат, контузия, мертігу салдарынан мүгедек болған ішкі істер органдары және бұрынғы КСРО мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басқарушы және қатардағы құрамының адамдары |
Белгіленген үлгідегі куәлік, жарақат, контузия, мүгедектік туралы анықтама, ішкі істер органдарынан, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен тиісті анықтама, немесе «Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер және оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы |
7,55 |
19 064 |
Осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін орындауда алынған жарақат, контузия немесе мертігу салдарынан мүгедек болған Эстон КСР, Латвия КСР, Литовский КСР, Белорус КСР, Украина КСР аумағында |
«Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер және оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы |
7,55 |
19 064 |
Әскери әрекеттерді жүргізу кезінде алынған аурулар немесе мертігу, контузия, жарақаттану салдарынан мүгедек болған және басқа елдердегі қызмет ететін әскери контингенттерде қызмет ететін тиісті санаттардың қызметкерлері және жұмыскерлер |
«Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер және оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы |
7,55 |
19 064 |
* Аталмыш жәрдемақыны Семей полигонының әсері салдарынан алынған ауру бойынша мүгедектіктігі бар азаматтар алуға құқылы (соның ішінде онкология). Полигондағы радиация әсерімен аурудың байланысының анықталуы маңызды! Бұл байланысты Шәкәрім көшесі, 2б мекенжайы бойынша Семей қаласында орналасқан Ведомствоаралық сараптамалық кеңес мамандары анықтайды.
** Аталмыш жәрдемақыны Семей полигонының радиациясы салдарынан алынған аурудан қайтыс болған азаматтардың отбасы алады (соның ішінде онкология). Науқастың тірі кезінде Семей ядролық полигонындағы радиация әсерімен байланыстың анықталуы маңызды.