Айдар парағына өту

Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 17.09.2020

calc_boilers11.jpgМемлекеттік басым міндеттерінің бірі салық салуды анық және сауатты басқару болып табылады, өйткені елдегі салық саясатының тиімділігі осы үдерісті ұйымдастыру деңгейіне байланысты. Салық салу -  мемлекеттің ежелгі функциясы және қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму жолындағы  негізгі шартардың бірі. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту мақсатында жеке тұлғалардың кірістеріне салық салуды толық ауқымды әкімшілендіру мәселесін шешуге арналған маңызды шарт халықтың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау болып табылады.

Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады. Жалпыға бірдей декларациялауға көшуді қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттер: 

  • жалпыға бірдей декларациялауды енгізудің әдістемелік негіздерін әзірлеу және оларды заңнамалық қамтамасыз ету;
  • жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдауға және өңдеуге мемлекеттік органдарды дайындау бойынша іс-шаралар жүргізу;
  • кірістер мен мүлікті декларациялаудың халық үшін анағұрлым қолайлы рәсімін жасау;
  • жалпыға бірдей декларациялауға көшу мәселелері бойынша халықты кең ауқымда ақпараттандыру;
  • декларацияны толтыру және табыс ету бойынша халыққа мемлекет тарапынан әдістемелік көмек көрсету;
  • жеке тұлғалар декларациясын тиімді камералдық бақылау жүйесін құру болып табылады.

Кірістерді декларациялау Реализация декларирования доходов будет способствовать:

  • көлеңкелі экономикаға қарсы тұруға;
  • мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуіне;
  • салық базасын кеңейтуте және жеке табыс салығының бюджетке түсімін арттыруға;
  • Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің салықтық мәдениетін арттыруға ықпал ететін болады.

Жалпыға бірдей декларациялау кейінге қалдырылды және 2021 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізілетін болады.

Бірінші кезеңде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларынан, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардан және олардың жұбайларынан декларациялауды бастау ұсынылады.

Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т. б. саласын қоса алғанда) және олардың жұбайлары.

Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары.

Төртінші кезеңде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың қалған санаттары.

Бұл ретте әрбір кезеңнің қорытындылары талданып, проблемалық мәселелер анықталатынын және заңнаманы, әдіснаманы және ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша шаралар қабылданатынын атап өту маңызды.

Жалпыға бірдей декларациялауды енгізген кезде  жеке тұлғалардың декларацияларын кім ұсынуға тиіс?

  • Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары, оралмандар және тұруға ыхтиярхаты бар адамдар;
  • кәмелетке толмаған тұлғалар – тұрғын үй құрылысында қатысу үлесі, олардың атына тіркелген мүлкік, банктік шоттарда ақша сомасы, дебиторлық берешек және (немесе) кредиторлық берешек болған жағдайда;
  • шетелдіктер – Қазақстан аумағында мүлкі немесе тұрғын үй құрылысында қатысу үлесі болған жағадйда.

Жалпыға бірдей декларациялау кезінде жеке тұлғалар     қандай декларация  нысандарын тапсыруға тиіс?

Декларациялау жүйесіне енген кезде ктивтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын болады, онда меншік құқығындағы мүлікті, соның ішінде пәтерлерді, машиналарды, банктердегі салымдарды міндеттемелерін көрсету қажет. 

Кейіннен халық жыл сайын кірістер, сатып алған мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады.   

Декларацияларды ұсыну мерзімдері 

Декларацияны ұсынудың 2 мерзімі көзделген:

  • 15 шілдеге дейін   – қағаз тасымалдағышта;
  • 15 қыркүйектен кешіктірмей   –  электрондық түрде.

Порталда «Салық есептілігін қабылдау (250.00-нысандағы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация)» сервисі іске асырылды. Бұл қызмет сынақ қызметі болып табылады және тек алдын ала дайындау-ақпараттық мақсаттын көздейді.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.