«е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы бойынша анықтама Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 19.03.2024

2020 жылдан бастап электрондық салық әмиянының функцияларын орындайтын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы енгізілді. «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын App Store және Google Play қосымшаларының дүкендерінен тегін жүктеуге, ал оған ЭЦҚ, sms-пароль арқылы (егер Сіз Мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз), сондай-ақ ЖСН және пароль арқылы авторландыра аласыз.

Қосмышаның артықшылықтары мен мүмкіншіліктері:

  • 2 минут ішінде салық төленеді;
  • салық салу объектілері бойынша мәліметтерге түзету жүзеге асырылады;
  • жеке тұлғалар үшін декларация тапсырылады (240.00, 250.00,270.00, 700.00 салық есептілігі нысандары);
  • жеке шоттарды қарау;
  • МКБ қызметерін ұсыну сапасын бағалау;
  • мүлік туралы мәліметтерді түзетуге өтінімдер беру;
  • жолаушылар-кедендік декларацияны тапсыру;
  • ЖТ банкроттық өтініш беруі;
  • Мемлекеттік кірістер органдарына электрондық кезекті онлайн брондау, салық күнтізбесі, айыппұлдардың болуын тексеру, шығуға тыйым салу, салық  төлеушілерді іздеу, соның ішінде сенімсіз және т.б. салық төлеушілерді. 

Сонымен қатар, электрондық салық әмиянында «қызметкерлердің еңбек ақысы» сервисі, есептелген ЖТС, зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік аударымдар және  медициналық сақтандыру сомалары туралы ақпаратқа қол жеткізуге болады.

Пайдаланушылар үшін бағдарламалардың интерфейсі қазақ, орыс және ағылшын тілінде қолдану мүмкіншіліктері бар.

«e-Salyq Azamat»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ел азаматтарына арналған «e-Salyq Azamat» ақысыз мобильді қосымшасын іске қосты.

Бұл мобильді қосымшада жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауға арналған келісі қызметтері бар:

  • активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) жалпы декларацияның бөлігі ретінде ұсынуға;
  • салықтарды банк бөлімшелеріне бармай және комиссиясыз төлеуге;
  • салық берешегін тексеру;
  • артық төленген салықтарды есепке жатқызу;
  • мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу;
  • салық обьектілерін қарау (жылжымайтын және мүлік және көлік);
  • жылжымайтын мүлік және жылжымалы көздер туралы ақпараттарға түзетуді еңгізу жайлы тапсырыс беру;
  • мемлекеттік кіріс органдарының қызмет көрсету орталықтарына баруын онлайн брондау.

«e-Salyq Azamat» қосымшасын «App Store» немесе «Play Market»-тен жүктеуге болады.

Толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан немесе «1414» нөмеріне хабарласу арқылы алуға болады.

«E-SalyqBusiness»

«E-Salyq Business» деген:

  • Салық төлеушіні жеке кәсіпкер ретінде тіркеу;
  • Салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматикалық есептеу, оңайлатылған декларацияны алдын ала толтыру;
  • Салықтарды есептеу кәсіпкердің өзі үшінде, оның қызметкерлері үшінде қосымшамен жүзеге асырылады;
  • Салықты үйден шықпай толеу оңай;
  • Хабарламалар мен анықтамалар алу.

«E-Salyq Business» қосымшасын «App Store» немесе «Play Market»-тен жүктеуге болады.

Толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан немесе «1414» нөмеріне хабарласу арқылы алуға болады.

 

 

«@SalyqBot»

Салық және кеден мәселелерін халыққа түсіндіру, халықты хабардар ету және кері байланыс алу бойынша жедел көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Telegram-да Чат-боты іске қосылды. Чат-ботты 1 наурыздан бастап «@SalyqBot» атауымен немесе https://t.me/salyqbot тікелей сілтемесі арқылы табуға болады.

@SalyqBot – сандық салық кеңесшісі, қазақ және орыс тілдерінде әзірленген, өте пайдалы  мына функциялары бар:

  • пайдаланушыға салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты лезде алуына мүмкіндік береді;
  • салық төлеушілерге көлік құралдары салығы мен өсімақыны өз бетінше есептеуге көмектеседі;
  • қажетті анықтамалық ақпаратты білуге, салық күнтізбесін пайдалануға мүмкіндік береді;
  • жеке немесе заңды тұлғаның қажеттілігіне байланысты пайдалы жаңалықтар мен хабарламалар жібере алады;
  • пайдаланушыларға МКК қатысты өзекті тақырыптар мен мәселелер туралы бейне сабақтар мен бейне нұсқаулықтар арқылы мәлімет береді;
  • заңды тұлғалар үшін төленген сомалар туралы ақпаратты білуге мүмкіндік береді.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.