Айдар парағына өту

«ЕХРО-2017» дүниежүзілік көрмесі Қазақстанда өтеді Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 21.08.2020

«Экспо» халықаралық мамандандырылған көрмесі — ірі халықаралық көрме, онда жаңашыл ғылыми-техникалық жетістіктер, даму перспективалары, сонымен қатар бүкіл әлем елдерінің тарихы, дәстүрлері мен мәдениеті көрсетіледі. Дүниежүзілік көрмелерді өткізу нәтижесі халықаралық, экономикалық, саяси, мәдени және ғылыми байланыстарды кеңейту болып табылады. Дүниежүзілік көрмелер бес жылда бір рет өтеді.  

 Алғаш рет Дүниежүзілік көрме 1851 жылы Ұлыбританияда өтті. Бірнеше ай ішінде мұнда ең түрлі экспонаттар көрсетілді, олардың арасында өнеркәсіптік тауарлар, қолөнер бұйымдары, машиналар, пайдалы қазбалары және тіпті өнер заттары көрсетілді. 1851 жылғы көрмені өнеркәсіптік революция тарихында маңызды негізгі кезеңі деп атаған жөн. Британдық қолөнершілер одағына тиесілі мұндай көрмелерді өткізу идеясы жалғасын тапты, сондықтан олар тұрақты түрде өте бастады, жылдан жылға күшейіп, анағұрлым орасан, ауқымды бола түсті.   Атақты  Эйфел мұнарасын 1889 жылы Парижде Дүниежүзілік көрме үшін Трокадеро сарайында орналасқан экспозиция аумағына кіретін қақпа ретінде сала бастағаны туралы азғана адам біледі. Сонымен қатар дүниежүзілік көрмелерді  өткізуге орай лондондық Хрусталь сарайы (1936 жылы өрттен жойылды) және Монреалда Хабитат 67 бірегей тұрғын үй кешені (1967 жылы көрме тақырыбы үйлер мен тұрғын үй құрылысы болатын) салынған болатын.   

«Экспо» өткізу бойынша эстафетаны АҚШ, Испания, Италия, Франция, Жапония, Корея, Бельгия, Бразилия, Қытай сияқты және басқа елдер  қабылдады.  

  Экспо-2017 көрмесі—  Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында 2017 жылдың 10 маусымынан  бастап 10 қыркүйегіне дейін өтті. Оған 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмеге 3 млн адам қатысты. 

EXPO  көрмесін өткізген кезде  Қазақстанның елордасы әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған түрлі мәдениеттер үніне толды. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өткізілді. 

EXPO көрмесіне милиондаған туристер қатысты, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсететін бірегей павильон құруға тырысты.  

EXPO-2017 тақырыбы - «Болашақ энергиясы»,    әлемдік қауымдастықты толғандыратын энергияның баламалы көздері сияқты, ең өзекті тақырыптардың бірін баяндайды.   Көрменің  тақырыбын "Экспо 2017"  атты айқын жазылған қысқа логотип тамаша бейнелеген:  гүл күлтелерінің шеңбер бойымен ассиметриялық орналасуы энергияны және мәңгілік қимылды білдіреді. Көрмеде жаңартылатын энергия көздері және «жасыл экономика» қағидатын  іске асыру жөніндегі идеялар мен шешімдер көрсетілді:  өзін қамтамасыз ету үшін энергияны туындыратын ғимараттар, «ақылды үйлер», электрмобильдер, биотынмен жүретін автомобильдер және тағы басқалар.   

EXPO-2017  көрме кешенінің жалпы алаңы  орасан зор -     174 гектар. Оның ішінде  25 гектар  тікелей көрме аймағына бөлінген, оған Қазақстанның  Ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық және корпоратвитік павильондар кіреді.  Барлық салынған объектілер көрменің «Болашақ энергиясы»  - басты тақырыбына бағынады. 

Сфера кешені EXPO-2017 көрмесінің архитектуралық  көрігіне айналды. Ғимаратта ең жаңа технологиялар қолданылған. Осылайша, екі шусыз желгенераторларының жұмысы арқасында, Сферадағы энергияны тұтынуды төмендету  мүмкін болды.   

Сфера табаны маңында 5000 кв. м. аумақта екі негізгі аймаққа бөлінген Ұлттық павильон орналасады. Қазақстанмен танысу аймағы келушілерді Қазақстанның жер бедерімен, мәдениеті, тарихы, қазіргі жағдайы және келешегімен таныстырады. «Жасампаз энергия» аймағында отандық ғалымдардың «жасыл экономика» тақырыбы бойынша ең үздік жобалары көрсетілген.  

Сфераның әр деңгейінде   энергетиканың бір бағыты көрсетілген – ғарыш, күн мен жел, биомассалар, су және кинетикалық энергия. Соңғы деңгей келешек Нұр-Сұлтанды – Қазақстаның 2050 жылдағы  елордасын көрсетті.   

  Сферада сондай-ақ,  төрт тақырыптық павильон да орналасты, олар көрмелердің мынадай тақырыптарын көрсетті: «Энергия әлемі», «Келешек  үшін энергия», «Барлық халыққа арналған энергия», «Менің келешек энергиям».

Ал «Ең үздік Тәжірибелер Аймағы»   атты павильонда жаңартылатын энергия көздерін  өндіру, сақтау және тасымалдау саласындағы 25-30 ең үздік әлемдік  тәжірибе көрсетілген.  Келешек энергяның тұжырымдамалық негіздеріне арналған «Қоғамдық аймақтар» қорытынды алаңша болады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.