Қазақстандағы жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемақылар Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 26.08.2021Пайдалы сілтемелер:
Сондай-ақ қараңыздар:
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары кімдер болып табылады?
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын тұлғалар:
1) жұмыскерлер, сондай-ақ ақы төленетін өзге жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар;
2) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары;
3) жеке практикамен айналысатын адамдар;
4) тармақша 01.01.2024 дейін қолданылады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен
4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар;
5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатпайды.
Осылайша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы әлеуметтік тәуекел жағдайлары орын алғанда әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар және ол үшін әлеуметтік аударымдар төленетін жеке тұлға болып табылады.
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мынадай түрлерге бөлінеді:
- Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы.
- Асыраушысынан айырылу жағдайы.
- Жұмысынан айырылу жағдайы.
- Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлем.
- Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы.
Әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін ескерілетін табыс
Әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлем
Кімге тағайындалады
Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлем қордан төленетін әлеуметтiк төлемдерді алуға құқығы бар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға тағайындалады.
Төлем үшін қайда жүгіну керек
Өтініш иесінің мекенжайы бойынша «Азаматтарға арналған үкіметке» мемлекеттік корпорациясына.
Төлем мөлшері
Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерін еңбекке қабілетсіздік күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістердің сомасын он екіге бөлу жолымен айқындалады.
Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті еңбекке жарамсыздық парағы берілген күндер санын отыз күнтізбелік жолға бөлу жолымен анықталады (әр жұмыс істейтін әйел ҚР Еңбек кодексінің 99 бапқа сәйкес 126 күн ұзақтықпен жүктілігі және босануы бойынша төленетін демалысқа және оны жүктілігі кезінде және босанғаннан кейін қалауы бойынша пайдалануға құқылы).
Дәл осы себепті барынша көп коэффициент 126/30=4,2 теңеледі.
Алайда, ядролық сынақ әсеріне ұшыраған аумақта тұратын әйелдер үшін еңбекке жарамсыздық парағы қалыпты босануда ұзақтығы 170 күнтізбелік күн 27 аптаға беріледі. Осылайша коэффициент 5,7 құрайды және 170/30=5,7 ретінде есептелетін болады.
Бұл жағдайда, қиын босануда немесе екі және одан да артық балалар туғанда 14 күнтізбелік күнге қосымша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем
Кімге тағайындалады
Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзі үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген, балаға күтімді жүзеге асыратын және Қордан төленетін әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалады.
Бұл ретте, егер балаға күтімді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің бірнеше қатысушысы жүзеге асыратын болса, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем көрсетілген адамдардың біреуіне ғана тағайындалады.
Төлем алу үшін қайда жүгіну керек
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе электрондық үкіметтің веб порталы арқылы (www.egov.kz).
Төлем мөлшері
Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн ай сайынғы әлеуметтiк төлемдер табыстың орташа айлық мөлшерiн табысты ауыстыру коэффициентiне көбейту арқылы айқындалады – 0,4. Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы 24 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасы 24 бөлу арқылы айқындалады.
Бұл ретте, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінің 40%-дан аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Бір жасқа толмаған баланы (балаларды) асырап алған жағдайларда – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінен үзінді көшірме.
Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.
Төлеу мерзімі
Осы әлеуметтік әлеуметтiк төлем түрі баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап ол бiр жасқа толған күндi қоса алғандағы мерзімге дейiн тағайындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем
Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған мына отбасы мүшелеріне тағайындалады.
Кімге тағайындалады
- 18 жасқа толмаған және егер 18 жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, осы жастан асқан балаларының, оның iшiнде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар.
Бұл ретте, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің, егер олардың еңбекке қабілетті ата-анасы болмаған немесе егер олар ата-анасынан алименттер алмаған жағдайда құқығы бар. Осы тармақшада көрсетілген, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын немесе білім алған, он сегіз жастан асқан адамдардың оқуды бітіретін уақытқа дейін, бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін әлеуметтік төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар.
- Егер қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының 3 жасқа толмаған балаларының, аға-iнiлерiнің, апа-сiңлiлерiнің (қарындастарының) немесе немерелерiнің күтiмімен айналысатын болса, жасына және еңбекке қабiлеттiлiгiне қарамастан, ата-анасының немесе ерлі-зайыптының бiреуiнің не атасының, әжесінің, аға-iнiсiнің немесе апа-сіңлісінің (қарындасының) асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар.
Төлем үшін қайда баруға болады
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына.
Төлем мөлшері
Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған ай сайынғы әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерінің 55% шегерілген, әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерiн кірісті ауыстырудың, асырауындағылар санының және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту жолымен айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 24 ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын 24 бөлу жолымен айқындалады.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өзінен әлеуметтiк аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейiнде қабылданады.
Сол бір кезең үшін жұмыс берушіден және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғадан әлеуметтік аударымдар келіп түскен жағдайда, асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді есептеу кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғаның кірісі қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріс деңгейінде қабылданады.
Жыл сайын асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері республикалық бюджеттен төленетін осыған ұқсас төлемді индекстеуге сәйкес келетін деңгейге индекстеледі.
Асырауындағылар санының коэффициенті
Асырауындағылар санының коэффициенті қайтыс болғанға дейін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы асыраушының асырауында болған адамдардың санына байланысты айқындалады және бір асырауындағы адам кезінде - 0,5; екі асырауындағы адам - 0,65; үш асырауындағы адам - 0,8; төрт және одан көп асырауындағы адам - 1,0 құрайды.
Бұл ретте табысты ауыстыру коэффициенті және қатысу өтілінің коэффициенті "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VІ ҚРЗ Заңы 20-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем
Кімге төленеді
Жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыссыз ретiнде тiркелген күннен бастап тағайындалады.
Төлем үшін қайда жүгінуге болады
- Жұмыссыз ретінде тіркелуде Халықты жұмыспен қамту орталығына.
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (жұмыссыз ретінде тіркеу туралы мәліметтер бар болса).
- «Электрондық үкімет» (www.egov.kz) веб-порталы арқылы (жұмыссыз ретінде тіркеу туралы мәліметтер болғанда).
Төлемдер мөлшері
Жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерiн кірісті ауыстырудың және қатысу өтілінің тиiсті коэффициенттерiне көбейту жолымен айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын жиырма төртке бөлу жолымен айқындалады.
Кірісті ауыстыру коэффициентi 0,4 болады, ал қатысу өтілінің коэффициентi «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 2019 жылғы
26 желтоқсандағы № 286-VІ ҚРЗ 20-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.
Ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік аударымдар жүргізілді, жұмысты жоғалту жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындалады:
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемдер:
- ол үшін алты айдан он екі айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – бір айға;
- ол үшін он екі айдан жиырма төрт айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – екі айға;
- ол үшін жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – үш айға;
- ол үшін отыз алты айдан қырық сегіз айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – төрт айға;
- ол үшін қырық сегіз айдан алпыс айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – бес айға;
- ол үшін алпыс және одан көп айға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – алты айға тағайындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем
Кімге төленеді
Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға әлеуметтiк төлем тағайындауға өтiнiш жасалған уақытқа қарай жұмысты тоқтатқанына немесе жалғастырып жатқанына қарамастан тағайындалады.
Төлем үшін қайда жүгіну керек
- медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне (жалпы еңбекке жарамдылықтың жойылу деңгейін бастапқы анықтауда);
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (жүгіну сәтінде жалпы еңбекке жарамдылықтың жойылу деңгейін анықтану туралы мәліметтер болғанда)
Төлемдер мөлшері
Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған ай сайынғы әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерінің 55 пайызы шегерілген, әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерiн кірісті ауыстырудың, еңбекке қабілеттіліктен айырылудың және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту жолымен айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын жиырма төртке бөлу жолымен айқындалады.
Бұл ретте, табысты ауыстыру коэффициентi 0,6 болады.
Еңбек ету қабiлетiнен айырылу коэффициентi:
Еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенті 30 пайыздан 100 пайызға дейін белгіленген жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесіне сәйкес келеді.
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы үшiн қатысу өтілінің коэффициентi:
- алты айдан кем болғанда - 0,1;
- алты айдан он екi айға дейiн - 0,7;
- он екi айдан жиырма төрт айға дейiн - 0,75;
- жиырма төрт айдан отыз алты айға дейiн - 0,85;
- отыз алты айдан қырық сегiз айға дейiн - 0,9;
- қырық сегiз айдан алпыс айға дейiн - 0,95;
- алпыс ай жетпіс екі айға дейін – 1,0 болады;
- алпыс және одан да көп айға – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің әрбір он екі айы үшін 1,0-ге 0,02 қосылып отырады.
Еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайында төленетін әлеуметтік төлемнің жыл сайынғы мөлшері республикалық бюджеттен төленетін ұқсас төлемдерді тиісті индексациялау деңгейінде арттырылады.
Балаларға жәрдемақы (декрет, тууы және 1 жасқа дейінгі баланың күтімі бойынша
Баланың тууына жәрдемақы (жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдер үшін)
Кімге тағайындалады
Бала туылғанда жәрдемақы отбасыларға төленеді.
Жәрдемақы алу үшін қайда бару керек
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына тұрғылықты жері бойынша.
- www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы.
Жәрдемақы мөлшері
«Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес баланың тууына жәрдемақы мөлшері мынаны құрайды:
- бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 айлық есептік көрсеткіштер (АЕК);
- төртінші және одан кейінгі балаға – 63 АЕК.
Жәрдемақы төлеу мерзімдері
- Баланың тууымен байланысты жәрдемақы бір реттік болып табылады.
- Бала туғанда берілетін жәрдемақы тағайындауға жүгіну мерзімдері бала туған күннен бастап 12 айдан аспайды.
Баланың 1 жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы (жұмыс істемейтін адамдар үшін)
Кімге төленеді
- міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылмайтын және баланың күтімін жүзеге асыратын адамдарға;
- міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйелерінің қатысушылары болып табылатын және 2008 жылдың 1 қаңтарына дейін туған балалардың күтімін жүзеге асыратын адамдарға.
Жәрдемақы алу үшін қайда бару керек
- Тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына тұрғылықты жері бойынша;
- www.egov.kz веб-порталы
Жәрдемақы мөлшері
Баланың күтіміне жәрдемақы мөлшері мынаны құрайды:
- бірінші балаға — 5,76 АЕК;
- екінші балаға — 6,81 АЕК;
- үшінші балаға — 7,85 АЕК;
- төртінші және одан кейінгі балаға — 8,90 АЕК.
Жәрдемақы төлеу мерзімдері
- Баланың күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы ай сайын бала 1 жасқа толғанға дейін төленеді.
- Күтімі бойынша жәрдемақы тағайындауға жүгіну мерзімдері бала туған күннен бастап 12 айдан аспайды.
Жәрдемақылар және декреттік, баланың тууы және 1 жасқа дейінгі күтімі бойынша төлемдер бойынша неғұрлым толық ақпаратты сіз «Декреттік демалыс» мақаласынан біле аласыз.
Егер сіз декреттік демалыстан бір жылдан ертерек шығуға шешсеңіз - төлемдер үшін қауіптену қажет емес, жұмысқа шығу төлемдерді тоқтату үшін себеп болып табылмайды. Декреттік демалыстан қалай шығу керектігі туралы толығырақ осы жерден біле аласыз.
Отбасыларға әлеуметтік көмек
Мүгедек-баланы тәрбилеушіге жәрдемақы
Кімге төленеді
Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға).
Жәрдемақыны алу үшін қайда бару керек
- Тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына.
- Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелеріне.
- www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы.
Жәрдемақы мөлшері 1,4 ЖТМ
Жәрдемақы төлеу мерзімдері
Жәрдемақы баланың мүгедектігінің барлық кезеңіне ай сайын жүгінген күннен бастап төленеді (18 жасқа дейін).
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы
Кімге төленеді
Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көп балалы отбасыларға.
Жәрдемақыны алу үшін қайда бару керек
- Тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына.
Жәрдемақы мөлшері
кәмелеттік жасқа толмаған балалардың немесе күндізгі оқу нысанын да оқитын студенттерінің санының 23 жасқа дейін өзгеруіне байланысты қайта есептеледі. Отбасылық табысына қарамастан тағайындалады:
- 4 балаға -16,03 АЕК;
- 5 балаға -20,04 АЕК;
- 6 балаға -24,05 АЕК;
- 7 балаға -28,06 АЕК;
- сегіз және одан да көп балаға -әрбір балаға 4 АЕК.
Жәрдемақы төлеу мерзімдері
Жәрдемақы өтініш берген күннен бастап ай сайын төленеді, өтінім берген күн - өтініш берген күн болып саналады.
"Алтын алқа", "Күміс алқа" (бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордені) алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға арналған жәрдемақы
Кімге төленеді
Көп балалы аналарға.
Жәрдемақыны алу үшін қайда бару керек
- Тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына.
Жәрдемақы мөлшері
6,4 АЕК мөлшерінде.
Жәрдемақы төлеу мерзімдері
Жәрдемақы ай сайын төленеді.
Атаулы әлеуметтік көмек
Кімге төленеді
Шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік деңгейінен аспайтын жан басына орташа табысы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, босқындарға, шетелдіктерге және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға.
Шартсыз ақшалай көмек келесі тұлғаларға көрсетіледі:
- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына қатысуға мүмкіндіктері шектеулі жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға төмендегі себептер бойынша:
- зейнеткерлік жасқа жету;
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар;
- екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар болған кезде.
- Құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе еңбекке қабілетті жалғыз мүшесі келесілерге күтім жасауды жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға:
- үш жасқа дейінгі балаға;
- мүгедектігі бар-балаға;
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі барларға;
- бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қарттарға.
Шартты ақшалай көмек жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-баптың 4- тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қайда бару керек
«Электрондық үкімет» веб-порталдағы «Мемлекеттік қызметтер азаматтар үшін» сервисі арқылы, Халықты жұмыспен қамту орталығына, тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығы болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне.
Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңға сәйкес адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегі мен отбасының әрбір мүшесіне есептелген жан басына шаққандағы орташа табыс арасындағы айырма түрінде есептейді. Отбасының құрамы және табысы өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайта есептеледі.
Атаулы әлеуметтік көмекті алушы халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық жерлерде - кент, ауыл, ауылдық округ әкімін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгерту үшін негіз болатын немесе оны алуға құқық беретін мән-жайлар туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы
Жәрдемақы алу үшін қайда жүгіну керек
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына;
- Мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде – Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелеріне.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні.
Электронды қызмет
Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу
2020 жылға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметік жәрдемақылар
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметік жәрдемақылар |
Мүгедектік тобы |
Еселігі |
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері, тенге |
Жалпы аурудан, еңбек жарақатынан, кәсiби аурудан мүгедек болғандар |
I топ |
1,92 |
59 872 |
II топ |
1,53 |
47 710 |
|
III топ |
1,04 |
32 431 |
|
Он алты жасқа дейiнгi мүгедек балалар |
|
1,40 |
43 657 |
Бала кезiнен мүгедектер |
I топ |
1,92 |
59 872 |
II топ |
1,59 |
49 581 |
|
III топ |
1,20 |
37 420 |
|
Он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi мүгедек балалар |
I топ |
1,92 |
59 872 |
II топ |
1,59 |
49 581 |
|
III топ |
1,20 |
37 420 |
|
Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің мүгедектері; экологиялық төтенше жағдайларға байланысты мүгедектер |
I топ |
2,81 |
87 625 |
II топ |
2,40 |
74 840 |
|
III топ |
2,01 |
62 678 |
|
Қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру салдарынан мүгедек болған жағдайда әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа |
I топ |
1,92 |
59 872 |
II топ |
1,53 |
47 710 |
|
III топ |
1,04 |
32 431 |
|
Қызметті өткері кезінде жаралануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) |
I топ |
3,44 |
107 270 |
II топ |
2,65 |
82 635 |
|
III топ |
2,01 |
62 678 |
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы
Жәрдемақы алу үшін қайда жүгіну керек
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 8 жұмыс күні.
Электрондық қызмет
Асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу
2020 жылға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы |
Ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының еселігі |
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері, тенге |
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша асыраунда бір адам болғанда |
0,86 |
26 818 |
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша асыраунда екі адам болғанда* |
1,49 |
46 463 |
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша асыраунда үш адам болғанда* |
1,85 |
57 689 |
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша асыраунда төрт адам болғанда* |
1,96 |
61 119 |
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша асыраунда бес адам болғанда* |
2,03 |
63 302 |
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша асыраунда алты және одан да көп адам болғанда* |
2,11 |
65 797 |
Ата-анасының екеуінен де айырылған жағдайда – жетім балаларға айлық жәрдемақы |
1,18 |
36 796 |
Отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне |
0,54, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,56 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде тағайындалады |
16 037 – 76 027 |
* жәрдемақы мөлшері барлық адамдарға бірдей үлесте бөлінеді
Мемлекеттік арнайы жәрдемақы
Жәрдемақы алу үшін қайда жүгіну керек
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 8 жұмыс күні.
Электронды қызмет
Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу
2020 жылға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері
Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы |
АЕК еселігі |
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері, тенге |
№ 1 тізімі бойынша |
9,42 |
24 973 |
№ 2 тізімі бойынша |
8,38 |
22 216 |
Мүгедектер, ҰОС ардагерлері, әлеуметтік еңбек ардагерлері, көп балалы аналар және зиянды және ауыр еңбек шарттарымен жұмыс істейтін адамдарға арналған жәрдемақы
Арнайы мемлекеттік жәрдемақы
Жәрдемақы алу үшін қайда жүгіну керек
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының тұрғылықты жері бойынша бөлімшесіне.
- I, II және III топ мүгедектері, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, 16-дан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін мүгедектігін алғашқы айқындау кезінде – Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелеріне.
Жәрдемақы төлеу мерзімдері
Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар ай сайын төленеді.
Электрондық қызмет
Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу
2020 жылға жәрдемақы мөлшері және оны алуға құқығы бар азаматтардың санаттары
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға құқығы бар адамдардың санаттары |
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға құқықты растайтын құжаттар |
АЕК-тегі мөлшері (2 917 АЕК-те) |
Теңгедегі мөлшері |
Ұлы Отан соғысының ардагерлері |
ҰОС қатысушысы немесе мүгедектің жеке куәлігі |
16 |
46 672 |
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi |
Неке туралы куәлік, ерінің (әйелінің) қайтыс болуы туралы куәлік, ерінің (әйелінің) мүгедектігін растайтын құжат |
4,48 |
13 068 |
I, II және III топтағы мүгедектер |
Мүгедектігі туралы анықтама |
1,49 – I, II топтағы мүгедектер үшін |
4 347 – I, II топтағы мүгедектер үшін |
Зейнеткер болып табылатын немесе мүгедектігі бар саяси репрессиялардан зардап шеккен адамдар; саяси репрессиялардың құрбандары |
Мүгедектік туралы анықтама, зейнеткер куәлігі, оңалтылған азаматтың куәлігі немесе прокуратура органдарынан немесе ішкі істер органдарынан немесе ұлттық қауіпсіздік органдарынан оңалту туралы анықтама немесе оңалту туралы сот шешімі |
1,07 |
3 121 |
1941 жылдың 22 маусымынан, 1945 жылдың 9 мамырына дейін кемінде 6 ай тылда жұмыс істеген және мүлтіксіз әскери қызметі және адал еңбегі үшін бұрынғы КСРО медальдарымен және ордендерімен марапатталмаған адамдар |
Еңбек кітапшасы немесе 1941 жылдың 22 маусымынан 1941 жылдың 9 мамырына дейінгі жұмыс туралы мәліметтерді қамтитын өзге құжаттар, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін әскери қызмет кезеңі туралы мәліметтерді қамтитын анықтама немесе әскери билет. Сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі жұмыс туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарға мыналар жатады:
|
2,13 |
6 213 |
Ядролық қару сынаулары, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі апаттар және басқа радиациялық апарттар және Чернобыль АЭС апат салдарынан мүгедек болған адамдар; мүгедектігі ата-аналардың бірінің радиациялық сәулеленуімен генетикалық байланысты олардың балалары* |
Радиациялық әсері бар аурудың себептік байланысын анықтау бойынша Орталық ведомствоаралық кеңес қорытындысы немесе радиациялық әсері бар аурудың себептік байланысын анықтау бойынша Орталық ведомстволық кеңес қорытындысы немесе ядролық қару сынаулары, әскери немесе азаматтық мақсаттағы объектілердегі апаттар және басқа радиациялық апаттар немесе Чернобыль АЭС апаттарды жою салдарынан мүгедектік туралы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның анықтамасы, белгіленген үлгідегі куәлік |
7,55 |
22 023 |
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары |
Қайтыс болғанмен туысқандық байланысты растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі); сәуле ауруы салдарынан қайтыс болған немесе қайтыс болған мүгедектің өлімі туралы куәлік, сондай-ақ өлімі азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі апат және басқа радиациялық апаттар және Чернобыль АЭС апаттың әсерімен байланысты азаматтың өлімі |
4,59 |
13 389 |
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар |
Балалардың туу туралы куәлігі, Чернобыль АЭС апатты жоюға қатысуды растайтын құжат немесе Чернобыль АЭС апатты жою қатысушысының куәлігі |
4,8 |
14 002 |
Ел алдындағы ерекше қызметтері үшін зейнетақы тағайындалған адамдар |
Қазақстан Республикасының алдындағы ерекше қызметтері үшін зейнетақы тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Министрлерінің кабинетінде Қазақстан Республикасының алдындағы ерекше қызметтері үшін зейнетақы тағайындау бойынша Комиссия шешімінен көшірме немесе дербес зейнеткер куәлігі |
1,07 |
3 121 |
Әскери қызметкерлер, сондай-ақ жұмыс істейтін әскер бөлімдерінің қызметкерлері үшін анықталған жеңілдікті шарттарда зейнетақы тағайындау үшін атқарған жылдарында 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін әскерге қатысу есептелген, ҰОС кезінде қалада қызметтен өткен бұрынғы КСРО мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басқарушы және қатардағы құрамының адамдары, әскери қызметкерлер |
«Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы ҚР Заңына сәйкес жеңілдіктерге құқық туралы белгімен зейнеткерлік куәлік немесе белгіленген үлгідегі куәлік |
6,19 |
18 056 |
Жұмыс істейтін әскердің әскери қызметкерлері үшін анықталған жеңілдік шарттарда зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін атқарған жылдарында қорғанысқа қатысу, қалаларда сәйкес кезеңдерде болған немесе ҰОС кезінде жұмыс істейтін әскер құрамына кіретін мекемелерде, штабтарда, әскери бөлімдерде штаттық лауазымдар атқарған, КСРО мемлекеттік қауіпсіздігі және ішкі істер органдары және әскер, Әскери Теңіз флоты, Кеңес әскерінің еркін жалданатын құрамының адамдары |
Белгіленген үлгідегі куәлік немесе «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы ҚР Заңына сәйкес жеңілдіктерге құқықтар туралы белгімен зейнеткерлік куәлік немесе белгіленген үлгідегі куәлік |
6,19 |
18 056 |
ҰОС кезеңінде юнгтар және полктар ұлдары (тәрбиеленушілер) ретінде флот және қолданыстағы әскер құрамына кіретін мекемелер және штабтар, бөлімдер құрамында болған адамдар |
Белгіленген үлгідегі куәлік немесе «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы ҚР Заңына сәйкес жеңілдіктерге құқықтар туралы белгісі бар зейнеткер куәлігі |
6,19 |
18 056 |
Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, ауыру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары |
Қайтыс болғанмен туысқандық байланысты растайтын құжат, әскери қызметкердің із-түзсіз жоғалуы немесе қайтыс болуы туралы хабарлама немесе куәлік (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі) |
4,59 |
13 389 |
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары |
Ішкі істер органдарынан анықтама, қайтыс болғанның өлімі туралы куәлік немесе хабарлама, ішкі істер органдарынан анықтама немесе қызметтік міндеттерді орындаудағы өлім айғағын растайтын құжат, қайтыс болушымен туысқандық байланысты растайтын құжат (неке туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі) |
4,59 |
13 389 |
Кеңес Одағының Батырлары, үш дәрежелі Даңқ ордендерінің иегерлері |
Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушы куәлігі және (немесе) марапатқа куәлік |
138,63 |
404 384 |
Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын Социалистік Еңбек Ерлері |
Ұлы Отан соғысы қатысушысы немесе мүгедегінің куәлігі және (немесе) марапатқа куәлік |
138,63 |
404 384 |
Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері |
Ұлы Отан соғысы мүгедегі немесе қатысушысының куәлігі және (немесе) марапатқа куәлік |
138,63 |
404 384 |
Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің екінші рет некеге отырмаған әйелдері (ерлері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтардың, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде мертігуінің және басқа да себептердің (құқыққа қайшы келетіндерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйелдері (ерлері) |
Неке туралы куәлік, ерінің (жұбайының) қайтыс болуы туралы куәлік, ерінің (жұбайының) мүгедектіктігін растайтын құжат |
2,56 |
7 468 |
«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдар |
«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағын тағайындауды растайтын құжат |
138,63 |
404 384 |
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар |
Белгіленген үлгідегі куәлік немесе марапаттау айғағы туралы жазбасы бар еңбек кітапшасы немесе мұрағат анықтамасы немесе марапатқа куәлік |
2,13 |
6 213 |
Басқа антифашистік қалыптасу және жасырын топтар, партизандық отрядтар құрамында шетелдік елдердің аумағында дүниежүзілік соғыс жылдарындағы оның одақтастары және фашистік Германияға қарсы әскери әрекеттерге қатысқан адамдар |
Белгіленген үлгідегі куәлік немесе удостоверение «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы ҚР Заңына сәйкес жеңілдіктерге құқық туралы белгісі бар куәлік |
6,19 |
18 056 |
«Блокадалы Ленинград тұрғыны» белгісі және «Ленинградты қорғау үшін» медалімен марапатталған және қала ұйымдарында және мекемелерде Ленинградтағы блокада кезінде жұмыс істеген адамдар |
«Ленинградты қорғау үшін» медаліне немесе «Блокадалық Ленинград тұрғыны» белгісіне куәлік немесе «Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер және оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына сәйкес жеңілдіктерге құқықтар туралы белгімен зейнеткерлік куәлік |
6,19 |
18 056 |
Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер және олардың одақтастары құрған мәжбүрлі мазмұндағы басқа орындар және гетто, концлагерлердің кәмелетке толмаған тұтқындары |
Бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқынның куәлігі немесе екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер және олардың одақтастары құрған мәжбүрлі ұстау орындары, гетто, концлагерлерде мәжбүрлі ұстау туралы мұрағат анықтамасы немесе «Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер және оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы |
6,19 |
18 056 |
Мыналарға қатысқан адамдар:
|
Чернобыль АЭС апат салдарын жоюға қатысушының куәлігі немесе азаматтық және әскери мақсаттағы объектілердегі апаттар және басқа радиациялық апаттар немесе Чернобыль АЭС апат салдарларын жоюға қатысуды, ядролық сынауларға және оқуларға тікелей қатысу, әскери және азаматтық мақсаттағы объектілердегі апаттар және радиациялық апаттарды жоюға қатысу айғағын растайтын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттен немесе әскери комиссиариаттан анықтама немесе ядролық сынауларға немесе оқуларға тікелей қатысуды растайтын құжат |
6,19 |
18 056 |
Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері: 1) бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда); 2) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер; 3) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; 4) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; 5) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер |
Белгіленген үлгідегі куәліктер, әскери комиссиариаттан анықтама, басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери әрекеттерге қатысу туралы белгісі бар әскери билет; Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсету бойынша жұмысты растайтын құжат; контузия, мертігуді растайтын медициналық құжаттар; әскери әрекеттерді қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСРО ордендері және медальдарына куәліктер | 6,19 | 18 056 |
Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері: 1) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері; 2) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері; 3) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары |
Белгіленген үлгідегі куәліктер, әскери комиссиариаттан анықтама, басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери әрекеттерге қатысу туралы белгісі бар әскери билет |
4,80 |
14 002 |
Фронтта, сондай-ақ әскери әрекеттер жүргізілген басқа мемлекеттерде және Ауғанстанда әскери қызметтен өтуде, фронтта болумен байланысты ауру салдары немесе басқа кезеңдерде әскери қызметтің басқа міндеттерін орындауда алынған жарақат, контузия, мертігу болғандар |
Әскери қызметкерлер қатарынан мүгедектің жеке куәлігі (жеңілдікке құқық туралы Кеңес Армиясының мүгедегі), жарақаттану, контузия, мертігу туралы мүгедектік туралы анықтама, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңына сәйкес жеңілдіктерге құқықтар туралы белгімен зейнеткерлік куәлік немесе әскери әрекеттерге қатысу айғағын растайтын әскери комиссиариаттан анықтама |
7,55 |
22 023 |
Әскери әрекеттер жүрген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындаумен немесе әскерде болуымен байланысты ауру салдарынан немесе қызметтік міндеттерді орындауда алынған жарақат, контузия, мертігу салдарынан мүгедек болған ішкі істер органдары және бұрынғы КСРО мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басқарушы және қатардағы құрамының адамдары |
Белгіленген үлгідегі куәлік, жарақат, контузия, мүгедектік туралы анықтама, ішкі істер органдарынан, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен тиісті анықтама, немесе «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңына сәйкес жеңілдіктерге құқықтар туралы белгімен зейнеткерлік куәлік |
7,55 |
22 023 |
Осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін орындауда алынған жарақат, контузия немесе мертігу салдарынан мүгедек болған Эстон КСР, Латвия КСР, Литовский КСР, Белорус КСР, Украина КСР аумағында 1944 жылдың 1 қаңтарынан, 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде әрекет еткен халықты қорғау отрядтары және взводтары, жойғыш батальондардың командалық құрамы және әскері қатарынан адамдар |
«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңына сәйкес жеңілдіктерге құқықтар туралы белгімен зейнеткерлік куәлік немесе әскери әрекеттерге қатысу айғағын растайтын, әскери комиссариаттан анықтама, мүгедектік, мертігу, контузия, жарақаттану туралы анықтама, белгіленген үлгідегі куәлік |
7,55 |
22 023 |
Әскери әрекеттерді жүргізу кезінде алынған аурулар немесе мертігу, контузия, жарақаттану салдарынан мүгедек болған және басқа елдердегі қызмет ететін әскери контингенттерде қызмет ететін тиісті санаттардың қызметкерлері және жұмыскерлер |
«Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер және оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына сәйкес жеңілдіктерге құқықтар туралы белгімен зейнеткерлік куәлік немесе басқа елдердің бұрыннан әрекет ететін әскери контингентеріне қызмет көрсету салдарынан мүгедектіктің туындауы және тиісті санатты растайтын құжат, мүгедектік, мертігу, контузия, жарақат алу туралы анықтама, белгіленген үлгідегі куәлік |
7,55 |
22 023 |
* Аталмыш жәрдемақыны Семей полигонының әсері салдарынан алынған ауру бойынша мүгедектіктігі бар азаматтар алуға құқылы (соның ішінде онкология). Полигондағы радиация әсерімен аурудың байланысының анықталуы маңызды! Бұл байланысты Шәкәрім көшесі, 2б мекенжайы бойынша Семей қаласында орналасқан Ведомствоаралық сараптамалық кеңес мамандары анықтайды.
** Аталмыш жәрдемақыны Семей полигонының радиациясы салдарынан алынған аурудан қайтыс болған азаматтардың отбасы алады (соның ішінде онкология). Науқастың тірі кезінде Семей ядролық полигонындағы радиация әсерімен байланыстың анықталуы маңызды.