Айдар парағына өту

Емдеуге жатқызу бюросынің порталы деген не? Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 05.04.2020

images_7.jpgЕмдеуге жатқызу бюросының негізгі мақсаты – азаматтардың медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберіндегі жоспарлы госпитализацияның қол жетімдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

Емдеуге жатқызу бюросының порталы ол – науқас адам алдағы үш күнге республиканың кез келген стационарындағы бос төсек орындар туралы ақпарат алатын интернет-ресурс болып табылады. Егер науқас дәрігерден емделуге жату үшін код қойылған жолдама алып қойған болса (емдеуге жатқызу талоны немесе «квота»), ол республика өңірлері және республикалық клиникалар бойынша ағымдағы кезек парақтарын қарап, өз кезегін қадағалай алады.

Стационарға жоспарлы түрде жатқызу тәртібі

Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу ол – көрсетілімдер (анықталған жағдайда) болған жағдайда, созылмалы аурулар және жедел дәрігерлік араласуды талап етпейтін өмірге қауіпсіз жағдайларда дәрігердің науқас адамды емдеуге жолдауы. Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу порталы арқылы бірнеше күн ішінде науқастың медициналық ұйымды таңдауына байланысты іске асырылады.

Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу үшін қажетті жағдайлар:

Стационарға жоспарлы түрде жатқан кезде науқас адамның қолында келесі құжаттар болуы тиіс:

Құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда емдеуге жату мүмкін емес екендігін ескерген жөн, стационар науқасты емдеу үшін қабылдамауға құқылы!

 

Тегін медициналық көмектің кепілді көлеміндегі қызметтер тегін көрсетілуі тиіс.

Телефон нөмірлері

Аймағы Коды Телефон
Ақмола облысы 7162 335150
Ақтөбе облысы 7132 503886
Алматы облысы 7282 246443
Атырау облысы 7122 364287
Шығыс Қазақстан облысы 7232 536507
Жамбыл облысы 7262 516169
Батыс Қазақстан облысы 7112 300370
Карағанды облысы 7212 792952
Қостанай облысы 7142 261495
Қызылорда облысы 7242 239348
Маңғыстау облысы 7292 302098
Павлодар облысы 7182 314290
Солтүстік Қазақстан облысы 7152 500369
Түркістан облысы 7252 365005
Алматы қ. 727 2751078, 2754500
Нұр-Сұлтан қ. 7172 708669
Шымкент қ. 7252 365005
Республикалық емдеуге жатқызу бюросы 7172 917963
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.