Менингококк инфекциясы Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 19.09.2022Менингококк инфекциясы — бактериялар тудыратын жіті инфекциялық ауру, ол әртүрлі клиникалық белгілермен – симптомсыз тасымалдаушылық, назофарингиттен (мұрын мен жұтқыншақ сілемейлі қабығының қабынуы) бастап менингококк сепсисіне (қанның жұқтыруы) дейін болады.
Менингит кенеттен басталады: күтпеген жерден қатты бас ауыру, құсу, 6-15 сағаттан кейін бөртпе пайда болады, температура 39-40°С-қа жетеді, адам қалтырайды. Тері бозарады. Жалпы әлсіздік, арқаның және аяқ-қолдың сырқырауы байқалады. Науқас адам шөлдейді, тәбеті нашарлайды. Ауру жеңіл түрде өтуі мүмкін, сондықтан өте қауіпті түрде өтетінін айта кету керек, ол тұмау, баспа, суық тию, тонзиллит және т.б. сияқты «зиянсыз» ауруларға ұқсас болады. Тоңу, ауыру, қатты шаршаудан организмнің қорғаныш күштерінің әлсіреуі сияқты қолайлы жағдай пайда болғанда менингококк бас миының қабығына тез өтеді және қабынуды тудырады.
Инфекцияның көзі науқас адамдар және «дені сау тасымалдаушылар», яғни қандай да бір клиникалық белгілер жоқ, бірақ менингококк тасымалдаушылары болып табылатын адамдар.
Менингит кезінде қандай әрекет жасау керек? ШҰҒЫЛ ДӘРІГЕРГЕ БАРУ!!!
Аурудың әдеттегі суық тию сияқты жасырын өтуі мүмкін екендігіне байланысты дәрігерге уақтылы қаралу қажет. Менингитке күдік пайда болған жағдайда пациент инфекциялық аурулар ауруханасына шұғыл емдеуге жатқызылады.
Менингиттің алдын алу үшін:
- Қажет болмаса, адамдар көп жиналатын жерлерге, сауда-ойын-сауық кешендеріне, нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шараларға баруды шектеу;
- Суықтамау және ауа-райына қарай киіну керек.
- Қолды жуыңыздар. Ауру жұқтыруды болдырмау үшін қолды мұқият жуған өте маңызды. Балаларыңызды қолын жиі жууға үйретіңіздер, әсіресе тамақ ішу алдында, қоғамдық орында болғаннан кейін, сондай-ақ жануарларды ұстағаннан кейін;
- Өз денсаулығыңызды бақылаңыздар. Жақсы демалып, жүйелі түрде спортпен айналысып және дұрыс тамақтануды ұстана отырып, өздеріңіздің иммундық жүйелеріңізді сақтаңыздар;
- Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар медицина қызметкерлерінің бақылауымен профилактикалық мақсатта антибиотиктерді қабылдау жөніндегі дәрігердің тағайындауын орындауы керек.
Call-орталықтарда тәулік бойы режимде инфекционист-дәрігерлер және эпидемиологтар жұмыс істейтін болады, олар тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап береді және менингиттің алдын алу бойынша консультация береді.
Облыстардағы Call-орталықтардың байланыстары:
Республикалық call-орталық: 8 /7172/ 554900
Астана қ.: 1430
Алматы қ.: 8 /7273/ 000 103
Алматы облысы: 8 /7182/ 411-212
Ақмола облысы: 8 800 080 6481
Ақтөбе облысы: 8 7132 500 895, 8 7132 502 721
Атырау облысы: 8 /7122/ 98-02-92, whatsApp 8 778 007-20-21
Шығыс Қазақстан облысы: 8 /7232/ 70 11 31
Жамбыл облысы: 8 /7262/ 555-160
Батыс Қазақстан облысы: 8 /7112/ 24-00-06
Маңғыстау облысы: 8 702 0292929
Павлодар облысы: 8 /7182 /66-24-99, 8702 300 15 17
Қарағанды облысы: 8 /7212/ 955-559
Қызылорда облысы: 8 / 7242 / 400 -001
Солтүстік Қазақстан облысы: 8 800 808103
Түркістан облысы: 8 /7252/ 39-31-60
Қостанай облысы: 8 /7142/ 393 777