Айдар парағына өту

Респонденттердің құқықтары мен міндеттері Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 01.03.2023

Респонденттердің құқығы:

1) ресми статистикалық ақпаратты алуға;

2) мемлекеттік статистика органдарынан алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын сақтауды талап етуге;

3) уәкілетті органнан статистикалық нысандарды толтыру тәртібі жөнінде түсініктер алуға;

3-1) алғашқы статистикалық деректерді мынадай тәсілдердің бірімен:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен электрондық түрде;
  • қағаз жеткізгіште;
  • телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі арқылы;
  • интервьюер жеке сауал салуды жүргізген кезде ұсынуға;

4) алғашқы статистикалық деректерді электрондық түрде ұсыну үшін қажетті статистикалық нысанды және (немесе) бағдарламалық қамтылымды өтеусіз негізде алуға;

5) уәкілетті орган көрсететін мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға;

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға құқығы бар.

Респонденттер міндетті:

1) статистикалық байқаулар жүргізу кезінде респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне және статистикалық әдіснамаға сәйкес дәйекті алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға;

1-1) статистикалық нысандарды ұсыну мерзімінің соңғы күні ақпараттық жүйеде респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсынбауына алып келген техникалық ақаулардың туындағанын растау болған кезде респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімін ұзарту және мерзімді ауыстыру туралы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған хабарлама негізінде техникалық ақаулар жойылғаннан кейін келесі жұмыс күні статистикалық нысандарды ұсынуға;

2) мемлекеттік статистика органдарының осы Заңда көзделген талаптарын орындауға міндетті.

«Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабына сәйкес алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзу әкімшілік жауаптылықты көздейді.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.