Мемлекеттік қызметтер
және ақпарат онлайн
Бірыңғай байланыс орталығы
14148-800-080-7777
Қоңырау шалу тегін

Қазақстан мен шетел азаматтарының некелесуі

Айдар парағына өту

marriage_in_rk.jpgҚазіргі уақытта біздің елде Қазақстан және басқа елдің азаматтары арасында неке жие қиылады. Азаматтардың Қазақстан Республикасының шекарасынан кіріп шығуы қолжетімді болып, қазақстандықтардың шетелдіктермен жұмыс барысында және жеке басы мәселелерімен оңай байланысады, осының салдарынан халықтың көші-қоны көбейіп кетті. Осының бәрі біздің азаматтардың шетелдіктермен некелесуінің көбейуіне әкеліп соқты. Бірінші кезекте жастарда осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы аумағында айтылған некелерді қиюға рұқсат берілген ба және өтінішті беру үшін не керек, қандай талаптарды орындаулары қажет деген сұрақтар туындайды.

 «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Заңның 14 бабына сәйкес шетелдіктер Қазақстан Республикасы азаматтарымен ҚР аумағында некеге отыра және некені бұза алады. Сонымен қатар ҚР заңнамасына және халықаралық келісім шарттарға сәйкес шетелдіктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен қатар некелік және жанұялық қарым-қатынаста құқықты және міндеттерін атқарады.

Қазақстанның заңнамасы неке қиюшылардың әр қайсысына неке қиюдың шартын, түрін және тәртібін бекітеді. Азаматтар неке қию үшін қазақстандық заңнамада бекітілген неке қиюға еркіндік, неке жасы, туыстықтың болмауы, іс-әрекетке қабілеттілігі және т.б. сияқты шектеулерді бұзбаулары керек.

Қазақстандық азамат және шетелдік арасында некені тіркеу АХАЖ әділет органдарында жалпы ережелерге сай, немесе некеге отырғысы келген шетелдік тұлғаның елінде консулдық мекемесінде, дипломатиялық өкілдікте жасалады.

Некені тіркеуге өтініш берудің тәртібі

Некені тіркеу үшін біріншіден жазба түрде некеге отыру туралы өтініш тапсыру қажет. АХАЖ-да некеге отыру үшін өтініш тапсырған жағдайда шетелдік өз еліндегі құзыретті органнан некеге отыруға рұқсат ұсынғаны жөн, себебі ондай рұқсат болмаған жағдайда неке шетелдіктің мемлекетінде жарамсыз деп танылуы мүмкін. Бірақ егер өтініш беруші осындай рұқсатсыз некенің тіркелуін бел буса олардың некелері оған қарамастан тіркеледі. 

Бұдан басқа өтініш берушілер келесі құжаттарды міндетті түрде ұсынады:

  1. Жеке тұлғаларын куәландыратын құжат:
  • Қазақстан Республикасы аумағында тұрып жатқан ҚР азаматы – жеке куәлігі немесе төлқұжаты;
  • Тұрақты шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы – оның ҚР аумағынан тыс тұрақты тұратыны туралы тіркеуде тұрғаны туралы консулдық мекемеден белгісімен азаматтың төлқұжаты;
  • ҚР-да тұрақты тұратын шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында мекендеу қағазы.
  • Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетелдік – ҚР уақытша тұруға рұқсат беретін, ҚР ішкі істер органы берген құжат;
  • – Қазақстан Республикасының ішкі істер органының белгісімен тұратын жерінде тіркелгені туралы азаматтығы жоқ;
  • Азаматтығы жоқ, Қазақстан Республикасында уақытша тұратын тұлға – оның тұратын еліндегі құзыретті органы берген және Қазақстан Республикасының ішкі істер органында белгіленген тәртіп бойынша тіркелген жеке тұлғасын куәландыратын құжат.

Шетелдіктерді және Қазақстан Республикасында уақытша мекендеген азаматтығы жоқ тұлғаларды тіркеу қызметін онлайн алуға болады.

  1. Бекітілген некеге отыру жасты төмендету қажеттілігін растайтын құжат.
  2. Қиылатын неке туралы мәлімет .
  3. Бар балалар турады мәлімет .
  4. Бір-бірінің денсаулығы және материалдық жағдай туралы хабардарлығы  және неке қиюға кедергінің жоқтығы туралы қолхат.
Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылып, нотариус арқылы расталу қажет.


Әдеттегідей, өтініш берілгеннен кейін бір айдан соң міндетті түрде некеге отырушылардың жеке қатысуымен некелері қиылады. Тіркеу процессі азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу үшін бекітілген тәртіп бойынша жасалады.

Егер Қазақстан және шетел азаматтары арасында неке ҚР тыс неке қиылып жатқан мемлекеттің заңнамасын сақтай отырып қиылса, онда бұл неке Қазақстан аумағында жарамды болып саналады.   

Қазақстан Республикасында келесі тұлғаларға неке қиюға тиым салынатынын еске алған жөн:

  • бірдей жынысты тұлғаларға;
  • екі тұлғаның біреуі болса да басқа некеде болса;
  • жақын туыстарға;
  • асыраушы мен асырап алынғандарға, асыраушының балалары мен асырап алынған балаларға;
  • заңды күшке енген, сот шешімі бойынша тұлғалардың біреуі болса да психикалық дерт немесе ақыл-есі кемдік саласынан қабілеті жоқ тұлғаларға.

Егер сіз жоғарыда айтылған тармақтардың біреуіне де жатпасаңыз, бірақ сізге некені тіркеуден қандайда да болмасын себептермен бас тартылса, сіз сотқа шағымдана аласыз.

Cоңғы өзгеріс: 06.12.2017

URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.