Айдар парағына өту

Бала тууды СМС арқылы тіркеу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 26.03.2019

новорожденный в телефонеСонымен, көптен күткен күн келіп, сіздің балаңыз дүниеге келді. Сіздің барлық құжаттарды рәсімдегіңіз келеді, бірақ балаға көп уақыт бөлу керек және "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ (ХҚКО) бару қажеттілігі сізді қиын жағдайға қояды.

Бұл жағдайда баланың тууын тіркеуге өтініш беруге, оны балабақша кезегіне қоюға және жәрдемақы ресімдеуге мүмкіндік беретін белсенді қызмет ыңғайлы болады.

Қызметті пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелу қажет.

Мұны төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жасай аласыз:

  1. ЭЦҚ қол қоя отырып, eGov.kz порталының Жеке кабинеті арқылы дербес (МАБ-та тіркелу бойынша нұсқаулық);
  2. "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ (ХҚКО) филиалдарының кез келген қызметкерлеріне жүгіну;
  3. Перинаталдық орталықтар мен перзентхана жанындағы "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ өкілдеріне жүгіну;

Қызмет тегін, тек телефон нөмірінде оң теңгерім болуы керек.

Бала туғаннан кейін бір тәулік ішінде ақпараттық жүйе медициналық мекемеден хабарлама алып, сізге қызмет көрсету үшін қажетті ақпараттың қадамдық сұрауымен құттықтау СМС-ін жібереді. СМС сондай-ақ Telegram-бот сілтемесін қамтиды (https://t.me/EgovKzBot), бұл Telegram қосымшасы арқылы қызметті алу мүмкіндігін білдіреді.

Қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтер әр түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады, ал жеткіліксіз болса баланың анасынан толтырудың қысқаша мысалдарын қамтитын СМС-сауалдар арқылы сұралады. 

Мысал.

1. Құттықтауы бар СМС келіп түскен кезде сізге қызметті алу тілін таңдау керек, оған R X X форматында жауап беру керек, мұнда X – хабарламада көрсетілген сандар. 

Мысал СМС:

Сәлеметсіз бе, <аты>! Сізді нәрестелі болуыңызбен құттықтаймыз! Қызмет көрсету тілін таңдаңыз. Ол үшін осындай СМС жіберіңіз R 1 1 - қазақша, R 1 2 – орысша

Сәлеметсіз бе, <аты>! Сізді нәрестелі болуыңызбен құттықтаймыз! Қызмет көрсету тілін таңдаңыз. Ол үшін осындай СМС жіберіңіз: R 1 1 - қазақша, R 1 2 – орысша /

Жауап үлгісі

R 1 2

Бұл маңызды! Есте сақтаңыз, хабарлама R ағылшын әрпінен басталуы және оның алдында бос орынның болмауы тиіс, бірақ R әрпі мен әр цифр арасында бос орындар болуы (мысалы, R 1 2) тиіс. Жауаптың соңғы символынан (цифрынан) кейін бос орын болмауы тиіс. Бос орын ретінде басқа таңбаларды, жол тасымалдарын немесе қос бос орындарды пайдалануға болмайды. Қателер ақпараттық жүйенің сұратуын өңдеуге кедергі келтіруі мүмкін. Бұл барлық СМС жауаптарын ресімдеуге қатысты.

2. Одан кейін сізде неке туралы мәліметтер сұралады.

Мысал СМС:

Сіз некеде тұрасыз ба? Осындай мәтінді СМС жіберіңіз: R 1 1  - иә, R 1 2 - жоқ

Жауап үлгісі

R 1 1

(егер АХАЖ АЖ-да сіздің некеңіз туралы электрондық жазба бар болса жауап осындай болады)

R 1 2

(егер сіз жалғызбасты ана немесе азаматтық некеде тұрсаңыз жауап осындай болады)

 

3. Белгілі бір уақыттан кейін сізге баланың тегін, атын және әкесінің атын (бар болса) сұраумен мынадай СМС-хабарлама келіп түседі.

Мысал СМС:

Туу туралы куәлікті алу үшін баланың аты-жөнін жазыңыз (қажет болған жағдайда қазақ әліпбиінің ерекше әріптерін ескеру қажет). Ол үшін осындай СМС жіберіңіз: R 8 Тегі;Аты;Әкесінің аты

Жауап үлгісі

R 8 Ахметов;Арман;Аскарович

Бұл маңызды! Тегі, аты және әкесінің атының арасын бөлу нүктелі үтір ";" символы арқылы жүзеге асырылатынына назар аударыңыз, яғни бос орынсыз және басқа символдарсыз. Жауаптың соңғы символынан кейін бос орын болмауы керек.

4. Аты-жөні жіберілгеннен кейін сізге білім деңгейіңіз, кіріс көзі және тіркеуші орган туралы мәліметтерді ұсыну бойынша СМС-сауалдар келіп түседі.

Мысал СМС:

Баланы тіркеу үшін АХАТ бөлімін растаңыз. Ықтимал бөлідер: Алматы қ. №1 АХАЖ бөлімі – 1; Нұр-Сұлтан қ. АХАЖ бөлімі – 2 және т.б.. Ол үшін осындай СМС жіберіңіз: R 1 1 бөлімше №; R 1 2 – тізімде жоқ.

Жауап үлгісі

R 1 1 1

Мысал СМС:

Білім туралы ақпаратты көрсетіңіз. Жоғары – 1; Аяқталмаған жоғары – 2.... Ол үшін осындай СМС жіберіңіз: R 1 1 "сіздің біліміңіз" "жұбайыңыздың білімі (тіркелген  неке болған жағдайда)" егер ақпарат беруге келіссеңіз; R 1 2 – егер келіспесеңіз.

Жауап үлгісі

R 1 1 2 1

Мысал СМС:

Табыс көзі туралы ақпаратты көрсетіңіз. Шәкіртақы – 1; Жалдамалы жұмыс – 2... Ол үшін осындай СМС жіберіңіз: R 1 1 "сіздің табыс көзіңіз" "жұбайыңыздың табыс көзі (тіркелген  неке болған жағдайда)" егер ақпарат беруге келіссеңіз; R 1 2 – егер келіспесеңіз.

Жауап үлгісі

R 1 1 2 2

 

5. Осыдан кейін тіркеуге электрондық өтінім қалыптастырылады, ол таңдалған тіркеуші органға жіберіледі. Бұл туралы баланың тууын тіркеу жөніндегі өтінімнің мәртебесі бойынша қосымша ақпараттық хабарламамен хабарланатын болады.

Мысал СМС:

Баланың тууын тіркеу. Өтінімнің мәртебесі: (қабылданды)

Баланың тууын тіркеу. Өтінімнің мәртебесі: (тіркелді)

 

6. Тіркеуден кейін сізге туу туралы куәлікті алу орны көрсетілген және туу туралы медициналық анықтаманы алып, құжат алу үшін келу туралы өтінішпен СМС жіберіледі.

Мысал СМС:

Ахметов Арман Аскарович (ЖСН 181212351966) туу туралы куәлікті алу үшін Сізге 17.12.2018 Достық к-сі, 12, мекен-жайына келу керек. Өзіңізбен бірге баланың туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасын әкелу қажет.

 

7. Келесі қадамда сізге баланы балабақшаға кезекке қою үшін елді мекенді таңдауға сұрау, сондай-ақ кезекке қою кезңнде жеңілдіктерге құқықтардың бар-жоғы туралы сұрақ келеді.

Мысал СМС:

Балабақшаға кезекке қою үшін елді мекен таңдаңыз. Ықтимал аймақтар: Нұр-Султан қ. – 1; Алматы қ. - 2. Ол үшін осындай СМС жіберіңіз: R 6 1 1 - таңдаған болсаңыз; R 6 2 – тізімде жоқ.

Жауап үлгісі

R 6 1 1

Мысал СМС:

Балабақшаға жеңілдікті кезекке қою құқығы бар ма? Осындай мәтінді СМС жіберіңіз: R 1 1  - Иә, R 1 2 - Жоқ

Жауап үлгісі

R 1 2

 

8. Жоғарыда аталған жауаптарды жібергеннен кейін балабақшаға кезекке қою туралы өтінім әкімдікке жіберіледі, бұл туралы өтінімнің мәртебесі көрсетілген СМС-хабарламада хабарланады.

Мысал СМС:

Баланы балабақшаға кезекке қою. Өтінімнің мәртебесі: Қабылданды

 

9. Келесі қадамда сіз кезек нөмірі бар СМС-хабарлама және жәрдемақы ресімдеу үшін баланың туу кезегін растау үшін сұрау аласыз, себебі оның мөлшері балалардың санына байланысты.

Мысал СМС:

Сіздің балаңыздың балабақшаға кезек нөмірі №345. Туылған баланың нешінші екенін көрсетіңіз? "R 1 N" мәтіні бар СМС жолдаңыз (N - баланың реттік саны). Жауап үлгісі R 1 1

Жауап үлгісі

R 1 1

 

10. Егер балалар санын тексеру сәтті өтсе, сізге жәрдемақылар мен төлемдерді тағайындау үшін банктік шоттың нөмірін растау/енгізу үшін СМС-сұрау түседі.

Мысал СМС:

Сіздің банктік шот нөмірін растаңыз:

KZ123456789PO258746Z - 1. Осындай СМС жіберіңіз: "R 3 1 шоттың реттік нөмірі" - егер таңдасаңыз; "R 3 2 20-таңбалы шот нөмірі, егер бар болса"

Жауап үлгісі

R 3 1 1

(жауап, егер 1 нөміріне шот таңдалса)

R 3 2 KZ987654321PO258746Z

(жауап, басқа шотты көрсету қажет болса)

 

11. Бұдан әрі уәкілетті органдардың қарауына келіп түсетін электрондық өтінім қалыптастырылады және оның қорытындысы бойынша жәрдемақы тағайындалады, бұл туралы сізге СМС арқылы хабарланады.

Мысал СМС:

Бала тууға жәрдемақы тағайындау. Өтінімнің мәртебесі: Қабылданды

Мысал СМС:

Сізге KZ123456789PO258746Z шотына 71000 тг бір жолғы төлем және ай сайын 65000 тг есептеледі

 

Осымен СМС арқылы белсенді түрде қызмет көрсету рәсімі аяқталады.

Қате деректер енгізілген жағдайда сізге қайтадан жауап беру ұсынылады. Егер сіз қандай да бір тармақ бойынша жауап бермесеңіз немесе ол дұрыс емес болса, онда жүйе одан әрі қызметті алу үшін ХҚКО-ға бару қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

Telegram-бот арқылы белсенді қызмет алу

Жоғарыда айтылғандай, "Бала туу" проактивті қызметін @EgovKzBot Telegram-бот арқылы да алуға болады. Онда жауаптарды жіберу жеңілдетілген – чатта командаларды енгізудің орнына, көп жағдайда батырма түріндегі тиісті жауап нұсқасына басу керек. Барлық қадамдар жоғарыда баяндалған қадамдарға ұқсас болады.

Естеріңізге сала кетейік, бот арқылы қызмет алу үшін өз телефоныңызға Telegram қосымшасын орнату, бот-қа жазылу, яғни оның чатындағы "Старт" батырмасын басу және өзінің ұялы телефонының нөмірін пайдалануға рұқсат ету қажет. Мобильдік азаматтар базасында тіркелу болған жағдайда, сізге бот-тың бүкіл функционалы қолжетімді болады.

Ботпен жұмыс туралы толық ақпаратты сіз "@EgovKzBot Telegram-бот арқылы қызметтерді алу" мақаласынан оқи аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Қызмет көрсету қанша тұрады?

Қызмет мүлдем тегін, телефон нөмірінде оң теңгерім болуы керек.

СМС-сұрауларға қаншалықты жылдам жауап беру керек?

Қатесіз жауаптарды жедел жіберуді ұсынамыз. Процесті екі күннен артық кезеңге созудың қажеті жоқ, себебі қызмет бала туған сәттен бастап 3 күн ішінде көрсетіледі.

Егер маған бірінші СМС келсе, бірақ мен қызметтерді белсенді тәсілімен алғым келмесе, не істеу қажет?

Құттықтау жазылған СМС автоматты түрде қалыптастырылады, егер сіз қызметті белсенді тәсілмен алғыңыз келмесе, келіп түскен хабарламаға жауап берудің қажеті жоқ.

Қызмет алу кезінде қандай да бір шектеулер бар ма?

Қызмет пайдаланушыға келесі жағдайда көрсетілуі мүмкін емес: егер онда туу жылы 2007 жылдан әрі балалары бар болса немесе 2008 жылға дейін некесі қиылса, ол туралы мәліметтер АХАЖ АЖ-да цифрланбаған.

Егер сіз мобильдік азаматтар базасында тіркелген болсаңыз, бірақ сізге алғашқы СМС келмесе не істеу керек?

Бұл жағдайда 1414 тегін нөміріне қоңырау шалып, бірыңғай байланыс орталығына хабарласуды және операторға өтінімді қалдыруды ұсынамыз, онда мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірін, ата-анасының ЖСН және баланың туған күнін көрсету қажет.

Ақпараттық жүйеден жауап СМС келмесе не істеу керек?

Жоғарыда жазылған талаптарға сәйкес соңғы жауаптың дұрыс жазылғанын тексеріңіз. Егер ол қате болса, дұрыс нұсқаны жіберіңіз. Егер дұрыс енгізілген мәліметтер болған жағдайда да жауап болмаса, 1414 тегін нөміріне қоңырау шалып, Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет және операторға ұялы азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірін, ата-анасының ЖСН және баланың туған күнін көрсете отырып, өтінімді қалдыру қажет.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.