Айдар парағына өту

Ағзаларды трансплантаттау туралы не білу керек Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 02.08.2022

органдарды трансплантаттауАғзаларды трансплантаттау - ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу.

Ағзаларды трансплантаттау кез келген адамға, ересек адамға да, балаға да қажет болуы мүмкін, ешкім денсаулығынан айырылудан сақтандырылмаған.

Көптеген аурулар адам ағзасының жұмысын тоқтатып, оны ауыстырып салу қажеттілігіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Бүгінгі күні елімізде 3 мыңнан астам адам ағзаларын ауыстыруға зәру, оның ішінде 2022 жылғы маусым айына қатысты жағдай бойынша 79 бала. Кейбір пациенттің өмір санауы күндерге емес, сағаттарға кетеді. Қазақстандықтар басқа ағзаларға қарағанда бүйрек ауыстырып салуды қажет етеді - 90,5%, содан кейін бауыр – 4,7%, жүрек – 4,2%, өкпе – 0,5%, өкпе-жүрек кешені – 0,1%.

Қазақстанда жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, ұйқы безі трансплантаттанады. 2012 жылдан бастап 2105 трансплантаттау жүргізілді, оның ішінде тірі кезінде донорлардан - пациенттердің 84%-ы және қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан – 16%-ы.

Кім донор бола алады?

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 210-бабына және 212-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес тірі (тірі кезіндегі донор) және қайтыс болған адам (қайтыс болғаннан кейін донор) донор бола алады.

Төмендегі талаптарға сәйкес тұлға ағза мен тіндердің тірі кезіндегі доноры бола алады:

  • 18 жастағы және одан үлкен;
  • әрекетке қабілетті;
  • реципиентпен генетикалық байланыстағы және (немесе) онымен тіні үйлесетін;
  • ағзасын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) одан әрі трансплантаттау үшін алуға жазбаша нотариат куәландырған келісімін білдірген:
  • ағзасын (ағзасының бөлігін) алу денсаулықтың біржола бұзылуына алып келмейтінін растайтын жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өткен.

Қазақстанда тірі кезіндегі донордан ағзаны (ағзаның бөлігін) ауыстырып салу туралы шешімді Этикалық комиссия қабылдайды, ол теріс пайдалануды болдырмау және қауіпсіздікті арттыру мақсатында жоғарыда аталған барлық растайтын құжаттарды қарайды, ықтимал реципиент пен тірі кезіндегі донор арасындағы генетикалық байланысты белгілейді.

Қайтыс болғаннан кейінгі донор - 18 және одан жоғары жастағы, ағзалары (ағзасының бөлігі) және (немесе) тіні (тінінің бөлігі) реципиентке транспланттау үшін пайдаланылуы мүмкін, бас миының біржола семуі расталған адам бола алады. Қайтыс болғаннан кейінгі бір донор донордың органдары шамамен 7 адамның өмірін құтқара алады.

Кім ағзалардың доноры бола алмайды?

Кодекстің 209-бабы 4 және 5-тармақтарына сәйкес, ағзаларды трансплантациялаған кезде:

- адамнан ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерін (тінінің бөлігін) мәжбүрлеп алуға;
- адамды өзінің ағзасын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) беруге мәжбүрлеуге;
- адамның ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерін (тінінің бөлігін) сатып алуға-сатуға;
- кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабiлетсiз адам болып табылатын тірі кезіндегі донордан немесе қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерiн (тінінің бөлігін) алуға;
- қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға трансплантаттау үшін алуға;
- денсаулығының жай-күйі, жасы немесе өзге де себептер бойынша өзінің жеке басы туралы деректерді хабарлай алмаған және қайтыс болуын растау кезінде жеке басы анықталмаған адамдардан ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) алуға.

- инфекция жұқтырған тірі кезіндегі донордан немесе қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) реципиентке трансплантаттау үшін алуға тыйым салынады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-171/2020 бұйрығымен Донордан ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) трансплантаттауға рұқсат етілетін инфекциялық жұқпалы аурулардың тізбесі бекітілді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 2 қарашада № 21573 болып тіркелді.

Кодекстің 212-бабы 3-тармағына сәйкес, қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерiн (тінінің бөлігін) трансплантаттау үшін алуға, егер алу кезінде медициналық ұйым осы адам тірі кезінде не ол қайтыс болғаннан кейін, жұбайы (зайыбы), ол болмаған кезде – жақын туыстарының бірі оның ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерін (тінінің бөлігін) алуға өзінің келіспейтіні туралы мәлімдегенінен хабардар болса, жол берілмейді.

Қазақстанда ағзаларды сатып алуға / сатуға болады ма?

Кодекстің 209-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, трансплантациялаған кезде:     

  • адамның ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерін (тінінің бөлігін) сатып алуға-сатуға тыйым салынады.

Ағзалардың қайтыс болғаннан кейінгі доноры болудан тірі кезінде қалай бас тартуға немесе келісуге болады?

Қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа өз еркін білдіру құқығын тіркеуді Қазақстан Республикасының азаматы екі жолмен жүзеге асыра алады:

  • тіркелген жері бойынша емханаға тікелей жүгінген кезде, онда жауапты тұлға жеке басын және тіркелу мәртебесін куәландыратын құжаттарды тексереді, содан кейін тиісті өтініш нысанын (келісім немесе келісімді кері қайтарып алу/бас тарту) ұсынады. Толтырылған нысан Тіркелімге енгізіледі, ал өтініш берушіге 1 жұмыс күні ішінде МСАК ұйымының бірінші басшысы қол қойған және мөрімен бекітілген ерік білдіруді тіркеу туралы анықтама беріледі;
  • немесе қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа өз еркіңізді үйден шықпай-ақ, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тіркеуге болады:

- ол үшін өтініш беруші порталда авторизациядан өтіп, «Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді немесе келісімді қайтарып алуды тіркеу» қызметіне тапсырыс беруі қажет;

- содан кейін барлық қажетті жолдарды толтырып, өтінімге ЭЦҚ-мен қол қою қажет, бірнеше минуттан кейін мәртебе жаңартылады және ерік білдіруді тіркеу туралы екі тілдегі анықтама қолжетімді болады.

Өтініште барлық немесе белгілі бір ағзаларды пайдалануға рұқсат етуге болады. Кейіннен сіз өз шешіміңізді шексіз рет өзгерте аласыз. Өтінімнің өзі мерзімсіз, яғни оны біраз уақыттан кейін жаңарту немесе растау қажет емес. Шешім адамның соңғы тіркелген өтінімі бойынша қабылданады.

Келісімді немесе бас тартуды кім тіркегені туралы ақпарат жабық. Бұл базаға тек үш республикалық трансплантаттаушы үйлестіруші ғана және адам қайтыс болғаннан кейін ғана қол жеткізе алады.

Дербес деректерді қорғау Кодекске және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 29-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Кодекстің 212-бабының 2-тармағына сәйкес «Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-308/2020 бұйрығы әзірленді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 22 желтоқсанда № 21859 болып тіркелді.

Трансплантаттауды күтетіндердің тізіміне қалай кіруге болады?

Ағзаны трансплантаттау қажеттілігі туралы шешімді мультипәндік топ қабылдайды - пациент денесінің функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жағдайының ауырлығына байланысты қалыптасатын әртүрлі мамандар тобы. Егер олар трансплантаттауға көрсеткіштерді растаса, онда ақпаратты транспланттаушы үйлестірушілерге жібереді. Пациент күту парағына енгізіледі. Ол қайтыс болғаннан кейінгі донордан тіндік үйлесімділігі бар қажетті ағза пайда болғанша сол жерде болады.

Ағзаларды трансплантаттауды күту парағы – Қазақстанда ортақ.

Күту парағында транспланттау қажеттілігі туралы нақты шешім қабылданған адамдар тұрады (өңірдің денсаулық сақтау басқармасының немесе транспланттау орталығының жанындағы мультипәндік топтың хаттамалық шешімі, пациенттің медициналық картасынан үзінді көшірме (027/у нысаны) (қан тобын, резус факторын, пациенттің бойы мен салмағын көрсетумен, транспланттауға қарсы көрсетілімдердің болмауы), жеке куәлік.

Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) транспланттауды күту парағына енгізу «Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-226/2020 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 2 желтоқсанда № 21717 болып тіркелді.

Күту парағына енгізу үшін негіз:

  1. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының немесе транспланттау орталығының жанындағы мультипәндік топтың қорытындысы.
  2. Пациенттің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі.
  3. пациент туралы мәліметтер болып табылады.

Осыған байланысты трансплантаттау үшін көрсетілімдер болған кезде тиісті комиссияға жіберу туралы мәселені шешу үшін тіркелген жері бойынша МСАК ұйымына учаскелік немесе отбасылық дәрігерге жүгінген жөн.

Күту парағында вирусты гепатитпен (В, С), кез келген жерде орналасқан туберкулезбен, АИТВ инфекциясымен, мерезбен жұқтырған ықтимал реципиенттердің ағзаны дені саудан ғана емес, дәл осындай диагнозы бар жұқтырған қайтыс болғаннан кейінгі донордан да алу мүмкіндігі бар («Донордан ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) трансплантаттауға рұқсат етілетін инфекциялық жұқпалы аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-171/2020 бұйрығы).

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.