Айдар парағына өту

Төлемдер қабылдауға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану (POS – терминал) Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 17.07.2019

Қазақстан Республикасының  "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Заңның 4-тармағының 39-бабына сәйкес, ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлердегіні қоспағанда, жекелеген  қызмет түрлерін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бюджетпен есеп айырысудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын  дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыратын орындарда төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті.

Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолданудың тізбесін Қазақстан Республикасының  Үкіметі  бекітеді.

Ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимін қолданатын және қызметін астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар осындай жабдықтарды (құрылғыларды) орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға міндетті.

Осы бапта белгіленген талаптар сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде қолма-қол ақшаны пайдаланбастан ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерге және (немесе) заңды тұлғаға қолданылмайды.

Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесі.


Қызмет түрі

1

 Автомобильдер мен мотоциклдерді көтерме және бөлшек саудада сату, оларды жөндеу және   техникалық қызмет көрсету

2

 Көтерме және бөлшек сауда

3

 Қонақүйлердің қызмет көрсетуі

4

 Мейрамхана қызметтерін көрсету, тамақтануды ұйымдастырудың өзге де түрлері мен сусындар  беру

5

 Әуе және теміржол көлігіне жол жүру құжаттарын (билеттерді), багаж және жүк-багаж   түбіртектерін сату

6

 Жүктерді көліктік өңдеу, қоймаға жинау мен сақтау жөнінде қызмет көрсету, тасымалдау   жөніндегі қосымша көрсетілетін қызметтер мен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтер

7

 Туризм саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынатын туристік операторлардың және өзге де   ұйымдардың қызметі (туристік агенттерден басқа)

8

 Сақтандыру саласындағы қызмет

9

 Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

10

 Білім беру саласындағы қызмет

11

 Кинофильмдерді, бейне және телевизиялық бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет,   кинофильмдерді көрсету

12

 Фитнес, спорттық клубтар, дискотекалар қызметі

13

 Құмар ойындарын және бәс тігуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет

14

 Боулинг (кегельбан) және бильярд бойынша қызмет көрсету

   

Ескертпе: Көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнату мен қолдануды қамтамасыз ету, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып қабылдау өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерінің, өзі өндірген акваөсіру (балық аулау) өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы саласында кызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және (немесе) заңды тұлғаларға; стационарлық емес сауда объектілері арқылы жүзеге асырылатын қызметке қолданылмайды.

Егер POS – терминал болмаса…

Қазақстан Республикасының  "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 195-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы – ескерту жасауға әкеп соғады.

     Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық АЕК;
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс АЕК;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен АЕК  мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.