Айдар парағына өту

Қай уақытта кәмелетке толмаған балаға ересектерсіз жүруге болмайды Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 24.08.2020

Егер бала ата-анасының немесе заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз  тиісті емес  уақытта  жүрсе, онда ол полиция бөліміне түсуі  мүмкін.  

Бала - бұл 18 жасқа толмаған (толық жас) адам.

Баланың заңды өкілдері – ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеуші, баланы қабылдайтын ата-аналар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар.

Баланың ата-аналарына, заңды өкілдеріне айыппұл салмас үшін нені білу керектігі туралы  біз осы материалда айтып береміз.

Балаға қай уақытта  ойын-сауық мекемелері мен үйден тыс жерлерге  баруға тыйым салынады?

Баланың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады. Ойын-сауық мекемелеріне:

  • ойын мекемелері,
  • түнгі клубтар,
  • кафе-барлар,
  • мейрамханалар
  • интернет кафе,
  • компьютер,
  • бильярд бөлмелері,
  • боулинг клубтары мен кинотеатрлар,
  • театр және ойын-сауық нысандары және басқа ғимараттар,
  • ойын-сауық, театр және ойын-сауық, спорттық, мәдени және демалыс қызметтері ұсынылатын үй-жайлар, құрылыстар жатады.

Сағат 23.00-ден таңертеңгі 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз көшеде болуына тыйым салынады.

Егер бұл уақытта балалар үйдің ауласындағы орындықта отырса, қоқыстарды кешкі уақытта шығарса, өзі тұрған үйден 5 метр қашықтықта орналасқан дүкенге барса, полиция оны бөлімге жеткізуге міндетті.

Заңды өкілдер, мекеме иелері қандай жауапкершілікке тартылады

Ата-аналарға, заңды өкілдерге кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдерінсіз жүргені үшін:

  • кешкі 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болса - 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады;
  • түнгі 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін үйден тыс жүретін болса – ескерту жасалынады.

Егер ұқсас факт жыл ішінде қайталанса, 7 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

Баланы тиісті  емес уақытта болғаны үшін ойын-сауық мекемесінің иелеріне де айыппұл салынады.

Айыппұлдың мөлшері құқық бұзушының мәртебесіне, сондай-ақ құқық бұзушының жыл ішінде осындай бұзушылық үшін бұрын жауапқа тартылған-тартылмағанына байланысты. Айыппұл іс-әрекетті тоқтатумен немесе белгілі бір қызмет түрімен бірге қолданылуы мүмкін.

Айыппұл мөлшері:

  • жеке тұлғалар үшін - 10 АЕК, қайталама құқық бұзушылықтар үшін - 20 АЕК;
  • шағын кәсіпкерлік  субъектілері  немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін - 15 АЕК, қайталанғанда - 30 АЕК;
  • орта кәсіпкерлік субъектілері үшін - 30 АЕК, қайталанғанда  - 50 АЕК;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - 50 АЕК, қайталанғанда - 100 АЕК.

Кәмелетке толмағанның өкілі ретінде  кім сөйлей алады

Заңды өкілдің қатысуымен кәмелетке толмаған бала белгіленген уақыттан өткеннен кейін ойын-сауық мекемелерінде  болуы мүмкін.

Басқа ересек адамдар заңды өкіл ретінде таныла алмайды.

Ойын-сауық мекемесінде кәмелетке толмаған баланың басқа ересек адамдардың қатысуымен болуы (мысалы, жас адаммен, компаниямен), бірақ заңды өкілдерсіз болуы заңсыз болады.

Көршісіне сағат 23.00-ден кейін мұз айдынын жасауға көмектескен кәмелетке толмаған құқық бұзушы үшін көршісі заңды өкіл болып табылмайды.

Тек заңды өкілдер ғана баланы полициядан алуға құқылы.

Егер ата-аналары уақытша қалада болмаса, онда туыстары немесе өкілдері тиісті құжатты немесе нотариалды куәландырылған сенімхатты ұсынуы керек.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.