Айдар парағына өту

Қазақстанда мемлекеттік қызметке қалай кіруге болады? Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 03.12.2020

Мемлекеттік қызметке кіру үдерісі конкурс ұғымына біріктірілген бірнеше кезеңнен өтеді. Егер мемлекеттік органда бос лауазымдар пайда болса, онда кандидаттарды конкурстық іріктеу өткізіледі. 

Бос жұмыс орындары туралы ақпарат конкурс жариялаған мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (gov.kz/memleket/entities/qyzmet) интернет-ресурстарында орналастырылады. Мерзімді басылымдарда жарнамаларды жариялауға рұқсат етіледі.

Мемлекеттік қызметке алғаш кіретін немесе жаңадан қабылданатын азаматтар іріктеудің келесі кезеңдерінен өтеді:

  1. мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу;
  2. жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу;
  3. әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс.

Мемлекеттік тілді, Қазақстан Республикасының заңнамасын білу және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу. Бұл тестті алдын-ала тапсыруға болады, оның жарамдылық мерзімі - 1 жыл.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Қағидаға сәйкес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға мемлекеттік тілді және ҚР заңнамасын білуге үміткерлерді тестілеу үш бағдарламадан тұрады. Сіз таңдаған лауазым санатына сәйкес бағдарламаны таңдау қажет. Осы тестілеуден өту жөніндегі нұсқаулықпен МҚІА сайтында танысуға болады.

Мемлекеттік тілді және ҚР заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары 

Жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі

 

Тестілеуге ЖСН жазылған Қазақстан Республикасы азаматының тұлғасын куәландыратын құжаты бар тұлғалар қатыса алады.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) міндеттерін орындау жүктелген тұлға құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды үміткерлердің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген біліктілік талаптарына,  сондай-ақ Заңның 16-бабында көзделген мемлекеттік қызметке орналасу шарттарына сәйкестігіне қарайды және  конкурсқа қатысушылардың әңгімелесуге жіберілуі туралы шешім қабылдайды.

Үміткерлердің Заңның 16-бабында көзделген мемлекеттік қызметке орналасу шарттарына сәйкестігі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ақпараттық қызметінің «Арнайы шоттар» дерекқоры арқылы тексеріледі.

Конкурсқа қатысушылардың дәйексіз ақпарат ұсынуы олардың әңгімелесуге жіберілмеуі үшін негіз болып табылады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі және әңгімелесу кестесі персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметі (немесе кадр қызметі) міндеттерін орындау жүктелген адам шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады.

Конкурсқа қатысуға жіберілмеген тұлғаларға ол туралы персоналды басқару қызметі (кадрлар бөлімі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадрлар бөлімі) міндеттерін орындау жүктелген тұлға шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның хатшысы хабарлайды. Хабарлама телефон арқылы немесе қатысушылардың электрондық пошталарына және мобильді телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Әңгімелесу жүргізу аяқталған күні конкурстық комиссия ұсынылған құжаттар негізінде, сонымен қатар эссені бағалау мен конкурстық сұрақтарға жауаптардың нәтижелерін қамтитын өткізілген әңгімелесу нәтижелері бойынша бос орынға үміткерлерді іріктейді.

 

Көзі: qyzmet.gov.kz

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.