Айдар парағына өту

"Алтын сапа" сыйлығы туралы Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 24.09.2020

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 жарлығына сәйкес "Алтын сапа" сыйлығы конкурстық негізде талапкер кәсіпорынның өнімі немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жетістіктері, сондай-ақ менеджмент жүйелерін енгізгені үшін жыл сайын берiледi.

Сапа саласындағы жетістіктері үшін берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығымен марапаттау әр жылдың соңында өтетін, елімізде маңыздылығы жоғары шара болып табылады. Байқау сыйлығымен Қазақстан Республикасының Президенті жеке марапаттауы байқаудың маңыздылығын айқындайды.

Қонкурсқа талап ететін негізгі мақсаттары

  • жеке және заңды тұлғалардың отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыру;
  • Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдермен толықтыруға жағдай жасау; 
  • халық арасында сапа идеясын кеңінен таныту.

Қазақстан Республикасы «Алтын сапа» Премияны талап ететін конкурсқа қатысу үшін Басты талаптары тұтынушылардың сұраныстарын қаңағаттандыру, халықаралық стандарттарды нығайту, сапаны басқару үшін арналған аса тиімді әдістерді қолдану, олардың бәсекелесу қабілеттерін арттыру, жасалатын өнімдерінің сапасын арттыру жөніндегі жасалған жұмыстары мен қызметтердің тиімді нәтижелерге жету болып саналады.

«Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауда сыйлық жыл сайын үш номинацияда үш санатта тағайындалады:

  • «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;
  • «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын»;
  • «Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын»;
  • «Ауылшаруашылық және/немесе азық-түлік тауарларын шығаратын үздік кәсіпорын»

Әр номинация бойынша келесі cанаттар бойынша үш жүлде беріледі:

  • Шағын кәсіпкерлік субъектісі;
  • Орта кәсіпкерлік субъектісі;
  • Ірі кәсіпкерлік субъектісі;
  • Үздік индустриялық жоба;
  • Үздік инновациялық жоба.

«Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауға Қазақстан Республикасы аумағында тауар өндірумен (қару-жарақ және әскери техника өндірумен айналысатындардан басқа), қызмет көрсетумен айналысатын, мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын ұйымдарды, сондай-ақ оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған рәсімдерді жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы аумағында тауар өндірумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

Сыйлық лауреаттарына тиісті диплом, байқау эмблемасы және 450 айлық есептік көрсеткіш ақшалай сыйақы беріледі. Лауреаттар төрт жыл бойы «Алтын сапа» байқауының эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.

Тарихы

«Алтын Сапа» сыйлығы ҚР Президентінің 2006 жылғы 9 қазанда қабылданған «Қазақстанның жаңа экономикасын қалыптастыру, жеке өндірістер мен тауарлар және қызметтер сапасының үздіксіз артуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқау туралы» № 194 Жарлығымен тағайындалған.

 

Байланыс телефоны:

 8 (7172) 91 93 88

Сыйлықтын ресми сайт: www.altynsapa.kz

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.