Айдар парағына өту

«Атамекен» ҚР Кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 21.08.2020

«Атамекен» ҚР Кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы – бұл коммерциялық емес ұйым. «Атамекен» ҰКП ҚР Үкіметімен және мемлекеттік органдарымен бизнестің келіссөздік күшін кеңейту үшін құрылған. Кәсіпкерлер палатасы өз қызметімен кәсіпкерліктің, соның ішінде ішкі және сыртқы сауданың барлық салаларын қамти отырып, шағын, орта және ірі бизнес мүдделерін ұсынады.

«Атамекен» ҰКП басты міндеті – бизнестің заңнамалық және өзге нормативтік ережелерін қалыптастыру процесіне барлық кәсіпкерлердің қатыстырылу және кең ауқымды қамтамасыз ету және бизнес мүдделерін және құқықтарын қорғау болып табылады.

Ұлттық палатаның қызметі елдегі ұлттық, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін бизнесті жүргізу шарттарын дамыту, тұрақтылық, инвестициялық, ресми климатты жақсартуға бағытталған.

ҰКП негізгі функциялары:

  • кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және өкілдік; 
  • аймақтардағы кәсіпкерлік қызмет талаптарын, кәсіпкерлік белсенділіктің қоғамдық мониторингін өткізу;
  • кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу;
  • ұйымдардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесін арттыру және отандық өндірісті қолдау;
  • техникалық және кәсіби білімді дамыту, кадрларды аттестаттау және сертификаттау, біліктілігін арттыру кадрларды сертификаттау және аттестаттау, техникалық және кәсіби білімді дамыту;
  • кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру;
  • инвестицияларды тарту және экономиканы  диверсификациялау.

Сонымен қатар, ҰКП мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруда қазақстандық бизнесті белсенді тарту үшін шығады. Мемлекеттік билік органдарында және жергілікті өзін өзі басқару органдарындағы ресми топтардың мүдделерін қорғайды. ҰКП шетелдік елдер қауымдастығының бизнеспен байланысын нығайтады және кеңейтеді.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.