Айдар парағына өту

Қазақстан «Doing Business» рейтингінде Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 21.09.2022

бизнестің өсу шкаласыDoing Business («Бизнесті жүргізу»). Дүниежүзілік банктің (World Bank) аналитиктер тобы жыл сайын әлемнің 190 елдерінде бизнесті жүргізу жағдайының қолайлылығын зерттеу жүргізеді. Анализ 10 индикаторлар бойынша жүргізіледі. Анализ есепте жасалып әдетте күзде «The Quarterlu Journal of Economics» (QJE 1886 жылдан бері шығарылады) атты ежелгі ағылшын тіліндегі экономикалық ғылыми журналында басылып шығарылады.   

Анализ іс жүзінде елдердің үкіметі өткізген реформалармен бірге, кәсіпкерлердің Дүниежүзілік банкі сарапшыларының сұрастыруына қатысушылардың пікірлерін салыстыру арқылы өткізіледі. Осындай объективті анализ бәсекелестік артықшылықты және қай елдің болса да экономикасының инвестициялық тартымдылығын анықтауға мүмкіндік береді. 

Зерттеулерде анализдан басқа кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын себептер, оларды жеңу бойынша ұсынымдар, іскер климаттың әрі қарай дамуы жолдары көрсетіледі. 

Әр түрлі елдердің үкіметі үшін кіші және орта бизнесті реттейтін нормативті актілерді және оладың заңдарын пайдалану тәртібін қайта қараудың қажеттілігін білдіреді.

2018 жылдың 2 мамырынан бастап 2019 жылдың 1 мамырына дейін 115 ел кәсіпкерлік қызметті реттеуге бағытталған 10 салада "Бизнесті жүргізу" жобасымен өлшенетін 294 реформаны енгізді. Осы реформалардың көпшілігі кәсіпорындар құру, құрылысқа рұқсат алу, электрмен жабдықтау жүйесіне қосу және салық салу сияқты салаларда іске асырылды. Реформалардың ең аз саны төлем қабілетсіздігін шешу саласында тіркелді. Ең кең таралған реформалар кредиттік бюролар мен тізілімдердің функционалдығын жақсартуды, нормативтік талаптарға сәйкестігі үшін онлайн-платформаларды әзірлеуді немесе жетілдіруді, электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруды, кейбір салықтарды төмендетуді, миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейтуді, меншікті тіркеу процестерін оңтайландыруды және халықаралық сауда операцияларының логистикасын автоматтандыруды қамтыды. Барлық реформалардың 11% кіріс деңгейі төмен елдерге тиесілі, бұл ретте Того реформалар саны бойынша (бес) көшбасшы. "Бизнесті жүргізу 2005" есебінен бастап 190 елде "Бизнесті жүргізу" баяндамасымен бағаланатын 3800-ден астам бизнесті реттеу реформалары енгізілді. Осы реформалардың көпшілігі орташа табыс деңгейі бар елдерде енгізілді.

Қазақстанда 2019 бизнесті жүргізу Қазақстандағы екінші қосалқы ұлттық зерттеу болып табылады. Зерттеуде шағын және орта бизнес қызметін қозғайтын 4 индикатор бойынша реттеу мәселелері қарастырылады: Қазақстанның 16 өңірінде кәсіпорындарды тіркеу, құрылысқа рұқсат алу, электр желілеріне қосу, сондай-ақ меншікті тіркеу: Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Алматы облысы, Алматы қаласы, Атырау облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Астана  қаласы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы және Шымкент қаласы. 

  • Жалпы, төрт қаралған реттеу саласы бойынша бизнес үшін ең қолайлы реттеу Алматы қаласында, ең қолайсыз реттеу Жамбыл облысында жұмыс істейді. "Қазақстанда бизнесті жүргізу 2017" зерттеуіндегідей, Алматы қ. үш индикатор бойынша рейтингті басқарады: "Құрылысқа рұқсат алу", "Электр желілеріне қосу", "Меншікті тіркеу". Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары "Меншікті тіркеу" индикаторы бойынша рейтингте бірінші орынды бөліседі.
  • "Қазақстанда бизнесті жүргізу 2017" зерттеуіне енгізілген сегіз аймақ кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсартты, бұл ретте Астана қ. барынша жақсартуға қол жеткізді.
  • Қазақстанның нәтижелері төмен өңірлері қаралып отырған үш индикатор бойынша ең жақсы нәтижелері бар өңірлерге жақындап келеді, бұл ретте "Электр желілеріне қосу" және "Құрылысқа рұқсат алу" индикаторлары бойынша өңірлер арасындағы алшақтық жартыдан астам қысқарды.
  • 2016 және 2018 жылдар аралығындағы кезеңде сегіз өңір­де орталық атқарушы органдар бастамашылық еткен және жергілікті деңгейде іске асырылған бірнеше реформаларды қоса алғанда, бизнесті жүргізуді жеңілдететін 24 реформа тіркелді.
  • Қарастырылып отырған реттеу саласындағы озық тәжірибелер бүкіл Қазақстанда бар. Реформаларға бағытталған билік өкілдері елде табысты іске асырылған реформаларды енгізе отырып, елеулі жақсартуға қол жеткізе алады.

Саралауда орын жоғары болған сайын бизнес жүргізуде реттеу климаты жақсара түседі.

Ел индексі – ол 10 индикаторлар бойынша орташа көрсетілім, олардың әр қайсысы тең салмақты.

Қазақстан рейтингтегі 190 елдің арасында «Миноритарлық инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша 7 орынды иеленді. Республика екінші жыл «Келісімшарттарды орындау» индикаторы бойынша (4 орын) алғашқы ондыққа еніп отыр. «Меншікті тіркеу» индикаторы бойынша еліміз 24 орын алды.

Қазақстан «Төлем қабілетсіздігін шешу» индикаторы бойынша 42 орын, «Кәсіпорындарды тіркеу» бойынша – 22, «Салық салу» бойынша - 64, «Құрылысқа рұқсат алу» бойынша - 37, «Электр желілеріне қосылу» бойынша - 67, «Несие алу» бойынша - 25 және «Халықаралық сауда» бойынша 105 орын алды.

Біздің Республикада бизнестің жағдайына үлкен көңіл бөлінеді. Үкіметтің, бизнесмендердің, азаматтардың күшімен біздің мемлекет бәсекеге жарамды әлемнің 30 елдері қатарына кіруі қажет. Ең алдымен бұл мақсат қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған.

Елдің бизнес-климатын жақсартуға пайдаланылатын «Doing Business рейтингі.

Рейтинг 10 индикаторлар бойынша құрылады:

  1. Кәсіпорынды тіркеу
  2. Құрылысқа рұқсат алу
  3. Меншікті тіркеу
  4. Несие алу
  5. Миноритарлық инвесторларды қорғау
  6. Салық салу
  7. Халықаралық сауда
  8. Келісімшарттарды орындау
  9. Төлем қабілетсіздігін шешу
  10. Электрмен қамтамасыз ету жүйесіне қосылу

«Doing Business» рейтингі тұтасымен кәсіпкерліктің барлық өмірлік кезеңін, ашылуынан бастап жабылуына дейін, талдап шығуына мүмкіндік береді.

«Doing Business» бағалауына қатысатын елдердің саны үнемі өсіп тұрады. «Doing Business» барлық ақпараттары жыл сайын жаңартылып докладта және www.doingbusiness.org сайтында жарияланады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.