Айдар парағына өту

Статистикалық нысандарды тапсыру кезіндегі заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің міндеттері Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 23.10.2020

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті, заңды тұлғалары, жеке кәсіпкерлеріне және шаруа (фермер) қожалықтарына (бұдан әрі – Респонденттер) статистикалық есептерді тапсыру қажеттілігі туралы ХАБАРЛАЙДЫ. Электронды-цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен әлемнің кез келген нүктесінен онлайн режимде (электронды түрде) статистикалық нысанды Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің www.stat.gov.kz ресми сайтындағы «Респонденттің кабинеті» https://cabinet.stat.gov.kz арқылы тапсыруға мүмкіндік бар.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 497-бабына сәйкес алғашқы  статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзу айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Респонденттердің міндеттері:

  1. статистикалық байқаулар жүргізу кезінде респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне және статистикалық әдіснамаға сәйкес дәйекті алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға;
  2. мемлекеттік статистика органдарының осы Заңда көзделген талаптарын орындауға міндетті.

Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібі

Респонденттер анық алғашқы статистикалық деректерді сәйкес жылға Заңда белгіленген тәртіппен бекітілетін респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне және статистикалық әдіснамаға сәйкес ұсынады.

Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларға жататын респонденттер тобы байқау әдісін (жаппай немесе іріктемелі) ескере отырып, статистикалық тіркелімдер деректері бойынша анықталады.

Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша респонденттер ұсынуға қажетті статистикалық нысандар тізбесін респонденттің сұрауы бойынша немесе өз бетінше Комитеттің www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналасқан "Респондент кабинетінде" жеке тұлғаның (ЖК, ШҚ, ФҚ) жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) немесе заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірін (БСН) енгізу арқылы статистикалық нысандар тізбесін алады.

Аумақтық статистика органдарына ұсынуға қажетті алынған статистикалық нысандар тізбесіне сәйкес респонденттер іріктемелі зерттеуге қосу нәтижесін Комитеттің www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсындағы "Респонденттің кабинеті" арқылы немесе тұратын жері бойынша аумақтық статистика органдарында өз бетінше нақтылайды.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.