Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа үлгілерін енгізу
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Салық өтініші.
- БКМ моделінің эталондық үлгісі және БКМ моделінің техникалық, функционалдық және пайдаланылу сипаттамаларын беретін мынадай материалдар.
- Дайындаушы зауыттың паспорты.
- Дайындаушы-зауыттың техникалық құжаттамасы.
- Қағаз және электрондық тасымалдағыштарда БКМ пайдалану бойынша нұсқаулық.
- Бақылау чегіндегі мөр үшін ақпаратты шығару кассаның ағымдық жағдайы (Х-есеп) туралы есеп, фискалды есептерді алу туралы, БКМ қайта тіркеу, фискалды режимді орнатуда салық органының лауазымды тұлғасының әрекеттерін толық сипаттауды қамтитын қағаз жәее электрондық тасымалдағыштардағы салық органының лауазымды тұлғасына арналған нұсқаулық.
- БКМ үлгісін техникалық қолдау бойынша дайындаушы-зауыттың кепілдік міндеттемесі.
- Дайындаушы зауыттың құжаттамасында көрсетілген БКМ моделінің белгіленген нысандағы негізгі техникалық талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер.
- БКМ моделінің сәйкестік сертификатының нотариалды расталған көшірмесі.
Егер бақылау-касса машинасының моделі фискалдық тіркеуші болып табылса, салықтық өтінішке қосымша фискалдық тіркеушіні дербес компьютерге қосу үшін электронды тасымалдағыштағы бағдарламалық қамтамасыз ету қоса беріледі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу (енгізуден бас тарту) туралы шешім.