Кепiлдiк мiндеттемені (түпкi пайдаланушының сертификатын) алу
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Өтiнiш.
- Өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 418 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11006 болып тіркелген) сәйкес нысандағы импорттаушының (түпкілікті пайдаланушының) кепілдік міндеттемесі.
- Мәмілеге қатысушылар арасындағы сатып алу-сатудың сыртқы сауда шарты (келісімшарты) немесе өзге де иеліктен шығару құжатының көшірмесі.
- Егер қызметті алушы ретінде делдал әрекет етсе, импорттаушы мен түпкі пайдаланушы арасындағы сатып алу-сатудың сыртқы сауда шарты (келісімшарты) немесе өзге де иеліктен шығару құжатының көшірмесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификаты) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.