Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Жеке басын куәландыратын құжат.
- Өтініш.
- Міндетті түрде салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын немесе оның (олардың) нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсына отырып, ИСО 9001*, ИСО 14001*, ИСО 22000* және ХАССП* халықаралық стандарттары талаптарына ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді басқару жүйесінің сәйкестігі сертификатының (сертификаттарының) көшірмесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну туралы хабарлама немесе негіздер бойынша дәлелді бас тарту