Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау
Қызметті онлайн алу үшін
- Авторизациядан өту және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту (қызмет алу үшін www.qoldau.kz сайтында тіркелген болуыңыз тиіс немесе бір реттік тіркелуіңіз тиіс).
- Өтінімді www.qoldau.kz сайтында толтырып және оны ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қойыңыз. Көрсетілген уақыттың ішінде келіп түсетін, тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін сілтеме бойынша өтіңіз https://subsidies.qoldau.kz/kz/subsidies/credit/info.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтеу кестесімен қарыз шартының көшірмесі қоса берілген ұсыныс.
- Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын немесе субсидияланбайтын бөліктерінің есептемелері бар жаңартылған өтеу кестесінің жобасы (мөлшерлеменің субсидияланатын немесе субсидияланбайтын бөліктерінің есептемелерімен бірге жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) жолданады).
- Қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) кредитті алғаны туралы несие шотынан үзінді-көшірме (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе қарыздың аударылғанын/ лизинг нысанасының берілгенін растайтын құжат.
Қызмет көрсету нәтижесі
Субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.