Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
Қызметті мемлекеттік органнан (келу тәртібімен немесе пошта арқылы) немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Көрсетілетін қызметті берушіге (келу тәртібімен немесе пошта арқылы) немесе Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушы (бейрезидент/салық агенті) не өкілдің тиісті өкілеттігі көрсетілетін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі жүгінген кезде
- Салықтық өтініш.
Мемлекеттік корпорацияда қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электронды» жол тәртібімен жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы туралы уәжделген жауабы.