Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру
Қызметті онлайн алу (қажетті құжаттар)
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Еgov.kz электрондық үкімет сайтында өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою. Жүйеде алғашқы авторланған кезде көрсетілген электрондық поштада өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
- Жеке кабинетке төлем сомасы туралы хабарлама келіп түседі.
- Көрсетілетін қызметті алушы «Төлеу» түймесін басады.
- Төлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына ақпарат келеді.
Қызметті мемлекеттік органнан алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Төлемді растайтын құжат (төлем туралы түбіртек немесе төлемнің жүргізілгендігі туралы банк белгісі бар төлем тапсырмасы).
Қызмет көрсету нәтижесі
Қызмет беруші арқылы - статистикалық ақпаратты беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.
Порталда - статистикалық ақпаратты беру туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартатыны туралы хабарлама.