Емдеуге жатқызу пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға емделуге жатқызуға жіберу жолдамасын беру
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз..
Жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар:
- Тікелей жүгінген кезде сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат.
- Медициналық-санитариялық алғашқы көмек немесе медициналық ұйым мамандарының жолдамасы.
- Бағытталған диагноз бойынша клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелері (диагноз қою және емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес).
Қызмет көрсету нәтижесі
№ 001-3/е нысаны бойынша берілген cтационарға емдеуге жатқызуға жолдама.