Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімде мәліметтерді көрсету: «Қазпочта» АҚ немесе Екінші деңгей банкінде («Халық банкі» АҚ) ашылған дербес есепшотының нөмірі (IBAN).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
*Қызмет электрондық нысанда келесі қалалар мен аудандардың тұрғындары үшін қолжетімді: Ақсай, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Арқалық, Арыс, Балқаш, Жаңаөзен, Жезқазған, Қапшағай, Қарағанды, Қаражал, Қарқаралы, Кентау, Қостанай, Көкшетау, Курчатов, Қызылорда, Лисаков, Павлодар, Петропавл, Приозерск, Рудный, Риддер, Сарань, Сәтпаев, Семей, Степногорск, Талдықорған, Тараз, Текелі, Теміртау, Түркістан, Орал, Өскемен, Шахтинск, Шымкент, Екібастұз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат.
- Психологиялық медико-педагогикалық кеңестің қорытындысы.
- Мүгедектік туралы анықтама.
- Банк шоты туралы мәліметтерді растайтын құжат.
- Мүгедек-баланың үйде оқуын растайтын оқу орнынан анықтама.
Құжаттар түпнұсқалар мен көшірмелерді тексеру үшін жіберіледі, содан кейін түпнұсқа құжаттар тапсырыс берушіге қайтарылады.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жәрдемақыны тағайындау туралы хабарлама.