Жол жүру құжатын беру
Қызметті порталда қалай алуға болады:
- Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық сұрау салу:
- Графикалық файл түріндегі графикалық сурет, цифрлық фотосурет мөлшері 3,5 х 4,5 см және мөлшерінде және 7 х 2 см форматында сканерленген нұсқада жеке қолтаңбасы.
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде келесі құжаттардың бірі болуы тиіс:
- туу туралы актілік жазба (реадмиссияланған адамдарды құжаттау кезінде);
- туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған босқындар немесе реадмиссияланатын адамдар жол жүру құжатын алған кезде);
- азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
- шетел паспорты;
- өтініш берген күні босқын мәртебесінің қолданылу мерзімі кемінде 3 ай болатын босқын куәлігі.
Босқынның жол жүру құжатын жоғалтуына байланысты ауыстыру үшін уәкілетті мемлекеттік органға жоғалу мән-жайлары көрсетілген жол жүру құжатын қалпына келтіру туралы жазбаша өтініш қосымша ұсынылады.
Анықтау деректерінің, жынысының өзгеруіне байланысты жол жүру құжатына өзгерістер енгізу үшін босқын өтініштің негізділігін растайтын құжатты қосымша ұсынады.
16 жасқа толмаған көрсетілетін қызметті алушылар үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жол жүру құжатының дайындығы туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту.