Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімге құжаттарды қоса тіркеу.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) сіздің кезегіңіз келгенде келіп түсетін, өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
*Онлайн-қызмет мына өңірлердің тұрғындары үшін қолжетімді: Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Алматы облысы, Павлодар облысы, Шығыс- Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Батыс- Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Қызылорда облысы, Қостанай облысы, Маңғыстау облысы, Түркістан облысы, Солтүстік- Қазақстан облысы және Алматы, Нұр-Сұлтан республикалық маңызы бар қалалар тұрғындары ала алады.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының электрондық кезекке тіркелген жері бойынша көрсетіледі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Кезегінің реттік нөмірін көрсетіп, есепке қою туралы хабарлама немесе есепке қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауап