Денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Нысан бойынша денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыруға аккредиттеу туралы куәлікті алуға арналған шарттарда көзделген құжаттарды ұсынады.
- Нысан бойынша ұйымның мамандары туралы мәлімет.
Денсаулық сақтау субъектісі Комитет кеңсесі арқылы жүгінген кезде салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, құжаттар көшірмелерде не электрондық көшірмелерде электрондық поштаға kmfk@dsm.gov.kz немесе ықшам дискіде (оптикалық ақпарат тасымалдаушысы) беріледі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыруға аккредиттеу туралы куәлік.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту (еркін нысанда).