Жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебі
Қызметті онлайн алу
-
Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
-
Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
-
Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
-
Куәлікті алу үшін мемлекеттік органға жүгіну.
Қазақстан Республикасы 2016 жылы 29 наурыздағы «Рұқсат беру процедураларын жеңілдету әрі рұқсат құжаттарын қысқарту сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен қосымшаларды еңгізу туралы» Заңына сәйкес жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне тұру қызметі "электрондық лицензиялау" порталында орындалады.
Қызметті мемлекеттік органда (келу тәртібімен немесе пошта арқылы) немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
Көрсетілетін қызметті алушы не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі жүгінген кезде:
Орналасқан орны бойынша тіркеу есебінен шығару үшін жеке практикамен айналысатын адам қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда бір мезгілде:
- Ққызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті.
- Тарату салық есептілігін табыс етеді.
1) Көрсетілетін қызметті беруші арқылы – тіркеу есебінен шығару кезінде;
2) "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы – тіркеу есебінен шығару кезінде;
3) "Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz арқылы жүзеге асырады – жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қою және өзгерістер енгізу кезінде жүзеге асырылады.
Жеке практикамен айналысатын адам:
- камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар және салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаған кезде – қорытынды жасалған;
- камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар болған және салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаған кезде – осындай бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалған;
- салықтық берешек болған кезде және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылған кезде – салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек өтелген күннен бастап тіркеу есебінен шығарылды деп танылады
Мемлекеттік корпорацияда қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электронды» жол тәртібімен жүзеге асырылады
Қызмет көрсету нәтижесі
1) жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қою;
2) жеке практикамен айналысатын адамның тіркеу деректерін өзгерту;
3) жеке практикамен айналысатын адамды есептен шығару және www.kgd.gov.kz көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсына жеке практикамен айналысатын адамды есептен шығару туралы ақпаратты орналастыру – жеке практикамен айналысатын адамды есептен шығару кезінде;
4) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы.