Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару
Қызметті онлайн алу
Көрсетілген сілтемелерді қолдана отырып, қызмет көрсетушінің веб-сайтына өтіңіз:
- «Қазақтелеком» АҚ
- «Транстелеком» АҚ
- «Кар-Тел» ЖШС
- «Jusan Mobile» АҚ
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
Есепке қою үшін:
Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарды қою үшін:
- Салықтық өтініш.
- Фискалдық режимді орнатусыз енгізілуі мүмкін көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді қамтитын БКМ
- Нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен куәландырылған қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы және тауар чектері кітабы.
Деректерді беру функциясы жоқ аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын БКМ есепке қою кезінде:
- Салықтық өтініш.
- Аппараттық-бағдарламалық кешеннің функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттамаларының қысқаша сипаттамасы.
- Мемлекеттік кірістер органында есепке қою үшін мәлімделген аппараттық-бағдарламалық кешен моделінің "Салық инспекторының жұмыс орны" модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулық.
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ қою кезінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды ұсынуы талап етілмейді.
Есептен шығару үшін:
Аппараттық-бағдарламалық кешенді қоспағанда, деректерді беру функциясы жоқ БКМ инасын есептен шығару үшін:
- Салықтық өтініш.
- Көрсетілетін қызметті берушінің пломбасы орнатылған фискалдық жады блогы бар БКМ.
- Нөмірленген, тігілген, көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының қолымен және мөрімен куәландырылған қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы және тауар чектері кітабы.
- БКМ тіркеу карточкасы.
Аппараттық–бағдарламалық кешен болып табылатын деректерді беру функциясы жоқ БКМ есептен шығару үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге БКМ есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады және "Салық инспекторының жұмыс орны" модуліне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Қызмет көрсету нәтижесі
БКМ тіркеу карточкасын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.