Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):
- Салықтық өтініш.
- Салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын қайтару үшін – айыппұлдың заңсыз салынуы салдарынан оның күшін жоюды немесе мөлшерін азайтуды көздейтін заңды күшіне енген сот шешімі немесе жоғары тұрған уәкілетті органының (лауазымды тұлғаның) шешімі.
- Бюджетке төленген тіркеу үшін алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін – көрсетілетін қызметті алушының тіркеу іс-қимылдарын жасауға құжаттарды табыс етпегенін растайтын тиісті тіркеуші орган берген құжат.
- Орманды пайдаланғаны үшін төлемақының төленген сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін – орманды пайдалануға орман билетін, ағаш кесу билетін пайдаланбағандығын растайтын мемлекеттік орман иелері берген құжат.
- Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын қайтару үшін – оны қайтару үшін негіз болып табылатын тиісті органның құжаты.
- Оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өтеу туралы соттың шешімі шыққан, мемлекеттік баж сомасын төлеушіге қайтару үшін – заңды күшіне енген сот шешімі.
- Сот шешімі бойынша электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару үшін – салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленгені туралы төлем құжаты және заңды күшіне енген сот шешімі.
Салықтық өтініш көрсетілетін қызметті берушіге:
- салықтардың, төлемдердің, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомаларын қайтару, есепке жатқызуды жүргізу үшін – салық төлеушінің жеке шоты бойынша артық төленген сома есептелген болса;
- салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару үшін – салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді қате төленген сомасы болса;
- салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын, сондай-ақ артық төленген соманы қайтару үшін – қайтарылуға жататын айыппұл сомасы жеке шот бойынша есептелетін айыппұл сомасы болса ұсынылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
1. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу.
2. Қате төленген соманы бюджеттік сыныптаманың тиісті кодына және (немесе) тиісті мемлекеттік кірістер органына есепке жатқызу.
3. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің және өсімпұлдың артық төленген сомасын, сондай-ақ салықтың, бюджетке төленетін төлемнің қате төленген сомаларын салық төлеушінің банк шотына қайтару.
4. Салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын, оны жою немесе мөлшерін азайту салдарынан салық төлеушінің банк шотына қайтару.
5. Сот шешімі бойынша электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын салық төлеушінің банк шотына қайтару.
6. Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын оны төлеу орны бойынша бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан салық төлеушінің банк шотына қайтару.
7. Қатені растамау туралы жазбаша хабарлама -мемлекеттік кірістер органы аудару кезінде қателердің бар-жоғын растамаған жағдайда.
8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік баж сомасын қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін – салық төлеушіге және (немесе) мемлекеттік мекемеге сот шешімінің орындалуы туралы хабарлама.
9. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы көрсетілетін қызметті берушінің дәлелді жауабы болып табылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.