Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға уәкілетті органның келісуі
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органнан алу үшін (қажетті құжаттар):
- Күзет ұйымын құруға келісім үшін еркін нысанда өтініш.
- Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ұлттық компания құратын күзет ұйымын құруға монополияға қарсы органның алдын ала келісімі.
- "Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 909 қаулысымен бекітілген Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасының (бұдан әрі – Қағида) 3-тармағына көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін растайтын құрылтай құжаттардың көшірмелері.
-
Объектілердің (атауы, орналасқан орны), оның ішінде құрылатын күзет ұйымдарының күзетіне тапсырылуға жоспарланған еншілес ұйымдар объектілерінің тізбесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға келісім-хаты немесе қызмет көрсетуден бас тартуы туралы дәлелді жауап.