Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемелекеттік органнан калай алуға болады (қажетті құжаттар):
- 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
- аңшы куәлігін алған жағдайда 3х4 түрлі-түсті үш фотосурет, аңшы куәлігін қайта ресімдеген немесе алған жағдайда 3х4 бір түрлі-түсті бір фотосурет;
- сертификаттың көшірмесі;
- аңшы куәлігін (аңшы куәлігінің төлнұсқасын) беру (қайта ресімдеу) үшін төлем құжатының электрондық көшірмесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Аңшы куәлігі немесе дәлелді бас тарту.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының" жеке кабинетіне " көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру күні мен орнын тағайындау туралы хабарлама жіберіледі.