Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу)
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жылжымалы құрамды тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті және (немесе) Жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен шығару туралы хабарлама беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.