Қызметті онлайн алу
- Жүйеге кіріңіз және «Онлайн сұрау» батырмасына өтіңіз (қызметтерді алу үшін сіз eokno.gov.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
- eokno.gov.kz сайтында қажетті жолдарды толтырыңыз және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұранысына қол қойыңыз. Сіздің есептік жазбаңыздағы «Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операциялары үшін бірыңғай терезе» порталындағы қосымшаның күйін бақылаңыз.
Қызметті мемлекеттік органнан тіркеу үшін қалай алуға болады(қажетті құжаттар):
- Өтініш.
Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін
- Дайындаушы (өндіруші) куәландырған, өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың (стандарт, ұйымның стандарты, техникалық шарт (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады), технологиялық нұсқаулық, рецептура көшірмелері.
- Дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, дайындаушы (өндіруші) куәландырған сапа туралы куәліктің көшірмелері немесе дайындаушының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады.
- Өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі.
- Өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері және олардың макеттері.
- Ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген үлгілерді (сынамаларды) алу актісі.
- Өнімге ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптау қорытындысы.
- Парфюмерлік-косметикалық өнім құрамында наноматериалдар пайдаланылған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер өлшемдері, сондай-ақ физикалық және химиялық белгілерін қоса алғанда, наноматериал туралы мәліметтерді ұсыну қажет.
ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім (тауар) үшін
- Өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың: дайындаушы (өндіруші) куәландырған (халықаралық стандарт немесе шет мемлекеттің стандарты, технологиялық нұсқаулық, рецептура) көшірмелері.
- Өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі.
- Дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, талдау сертификаты, сапа туралы куәлік, еркін сату сертификаты көшірмелері немесе өнім дайындаушысының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады.
- Өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері және олардың макеттері.
- Өнім шығарылатын елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа да мемлекеттік уәкілетті органдардың) осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын және дайындаушы (өндіруші) мемлекеттің аумағында оның еркін айналысына рұқсат ететін құжатының дайындаушы (өндіруші) куәландырған көшірмесі немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттілігінің болмауы туралы дайындаушының (өндірушінің) мәліметтері.
- Өнімге ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптау қорытындысы.
- Бақылаудағы өнім үлгілерінің әкелінуін растайтын құжаттың көшірмесі.
- Парфюмерлік-косметикалық өнім құрамында наноматериалдар пайдаланылған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер өлшемдері, сондай-ақ физикалық және химиялық белгілерін қоса алғанда, наноматериал туралы мәліметтерді ұсыну қажет.
Қайта тіркеу үшін:
- Өтініш.
- Мемлекеттік тіркеу туралы бұрын берілген куәлік (түпнұсқасы).
- Өнім дайындаушының немесе көрсетілетін қызметті алушынің ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, атауы өзгерген кезде тиісті өзгерістерді растаушы құжат қосымша ұсынылады.
- Дайындаушының (өндірушінің) шет тілдеріндегі құжаттарының аудармалары "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңына сәйкес куәландырылған қазақ және орыс тілдеріне аудармамен ұсынылады.