«Бизнестің жол картасы-2025»бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру
Қызметті онлайн алу үшін:
- Порталда авторлану және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
- Банктің/Даму Банкінің кепілдік сомасының есептелуімен Қызмет алушының несиелеу мүмкіндігі туралы оң нәтижелі шешімі бар хатының электронды көшірмесін (сканерленген көшірмесін қоса тіркеу.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
- Порталдан қызмет көрсету нәтижелері бар құжаттарды жүктеп алу және басып шығару.
Бұл қызмет онлайн кредиттер бойынша ғана 180 млн. теңгеге дейін
Қызметті «Даму» КДҚ АҚ қалай алуға болады
- Нысан бойынша өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушыны кепілдік сомасын есептей отырып кредитеу мүмкіндігі туралы Банктің оң шешімі бар хаты.
- Көрсетілетін қызметті алушының кредиттік есеп алуға нысан бойынша келісімі.
- Көрсетілетін қызметті алушының кредит бюросына ақпарат беруге нысан бойынша келісімі.
- Көрсетілетін қызметті алушының жеке деректерін көрсетілетін қызметті берушінің жинауына және өңдеуіне нысан бойынша оның келісімі.
- Кепілдікті тарту туралы шешім қабылдаған көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының шешімі.
- Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөртаңбамен (болған жағдайда) расталған көшірмесі), көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу туралы хабарлама.
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала кепілдік хаты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы бар хабарлама;