Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.
Қызметті онлайн қалай алу керек
- Порталда авторлану және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметті алу (қажетті құжаттар):
- 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, өкіл үшін - көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
- Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына жобалау құжаттамасының көшірмесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу хаты не дәлелді бас тарту.