Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру
Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша жүріңіз, одан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
- Жүйеге кіру немесе тіркелу «электрондық лицензиялау» порталында.
- Қызметтің паспортында құжаттар пакетімен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.
- Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы – «Менің хабрламаларым » тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
лицензия алу үшін:
- Өтініш.
- Өтініш берген кезде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат, егер мұндай тұлға өтініш беруші болып тағайындалса.
- Кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуды растайтын құжаттың көшірмесі.
- Өтініш беруші бекіткен және кен іздеушілік кезінде пайдалану жоспарланып отырған механикаландыру құралдары мен жабдықтар тізбесі, сондай-ақ ынта учаскесінде өткізу жоспарланып отырған кен іздеушілік бойынша жұмыстардың түрлері мен тәсілдерінің сипаттамасы бар құжат.
- Жер пайдаланушының немесе жер учаскесінің жеке меншік иесінің, сондай-ақ аумағында өтініш берілетін жер қойнауы учаскесін пайдаланушының келісімі.
- Кен іздеушілік жоспары.
Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариат куәландырылуға тиіс.
Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалуға тиіс.
лицензияны қайта ресімдеу үшін:
Қызмет көрсету нәтижесі
Кен іздеушілікке арналған лицензия, қайта ресімделген лицензия немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді түрдегі жауап.