Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органнан алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызмет саласында кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттар.
- Тиісті аккредиттеу саласындағы персоналдың біліктілігін растайтын құжаттар (тиісті аккредиттеу саласындағы мамандық бойынша дипломдар, сертификаттар, куәліктер, тиісті аккредиттеу саласындағы біліктілігін және теориялық және практикалық дайындықтан өткенін растайтын куәліктер болған жағдайда).
- Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты бағдарламалық-техникалық құралдар және (немесе) есептеу әдістемелері.
Қызмет көрсету нәтижесі
Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.