Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Шетелдік заңды тұлғалар үшін мемлекеттік органда қызметті қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Мәлiметтер нысаны.
- Импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және Қазақстан тарапының келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің кепілдік міндеттемесі (түпкілікті пайдаланушы сертификаты).
- Сыртқы сауда шарты (келісім-шарт), ал ол болмаған жағдайда сыртқы сауда шарттың (келісімшарттың) - ниеттерін растайтын өзге де құжат.
Қызмет көрсету нәтижесі
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортау рұқсат немесе дәлелді бас тарту.