Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ-та алу (қажетті құжаттар):
- Инвестициялық преференциялар беру жөнінде Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған өтінім.
- Көрсетілетін қызметті алушы жарғысының басшының қолымен расталған көшірмесі.
- Инвестициялық жобаның инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес талаптарға сай жасалған бизнес-жоспары.
- Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім мемлекеттік заттай гранттың берілуін көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сұратқан мемлекеттік заттай гранттың мөлшерін (құнын) растайтын құжат (заттай гранттың бағасы) ұсынылуы қажет.
- Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім мемлекеттік заттай гранттың берілуін көздеген жағдайда, салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсыныла отырып, жергілікті атқарушы органның мемлекеттік заттай грантты беретіні жөнінде алдын ала келісім жасалуы қажет.
- Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім салықтар бойынша преференциялар беруді көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы құрылыс жобаларына "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 64-1-бабында белгіленген тәртіппен құрылыс жобаларына жасалған ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысының заңды тұлға басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған көшірмесін ұсынады.
- Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім шетелдік жұмыс күшін тарту құқығы ұсынылғанын көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы тартылатын шетелдік жұмыскердің паспорты немесе жеке басын куәландыратын құжатының (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы бар), жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік жұмыскер арасында жасалған еңбек шартының (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы бар), оның біліктілігін және (немесе) білімін растайтын құжаттардың (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы бар) көшірмелерін ұсынады.
- Инвестициялық басым жоба басым туристік аумақтарда іске асырылған жағдайда, туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның инвестициялық басым жоба басым туристік аумақтарда іске асырылатынын растайтын хаты қоса беріледі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға келісімшарт жасасу немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы жазбаша нысанда уәжді түрдегі жауап.