Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Электрондық сұраныстың өрістерін толтырыңыз.
Қызметті алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсететін медициналық ұйымдарда алу (қажетті құжаттар)
- Жеке басын куәландыратын құжат.
Қызмет көрсету нәтижесі
1. Тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында жазу және дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру.
2. Порталға электрондық форматта жүгінген кезде – жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама.
Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген уақытта үйде медециналық көмек көрсетіледі.